AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін са...

Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды

Медицина Бүгін 09:16 43
Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды
Алматы әкімдігі

Қазіргі уақытта жүйеге 69 медициналық ұйым мен 216 диагностикалық аппарат қосылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда орталықтандырылған телерадиологиялық жүйе іске қосылды. Ол дәрігерлерге түрлі медициналық ұйымда түсірілген пациенттердің диагностикалық суретін көруге мүмкіндік береді. Енді басқа емханаға барған кезде тұрғындарға рентген суреттері мен дискілерін өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Қазіргі уақытта жүйеге 69 медициналық ұйым мен 216 диагностикалық аппарат қосылған. Цифрлық архивте 800 мыңнан астам зерттеу нәтижесі жинақталып, 1 миллионнан астам науқас тіркелген.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – медициналық суреттерді 25 жылға дейін сақтау мүмкіндігі. Дәрігерлер әр жылдары жүргізілген тексеру нәтижесін салыстырып, науқастың денсаулығындағы өзгерісті бақылай алады. Сондай-ақ бұрын түсірілген суретті пайдалану арқылы қажетсіз қайталама тексерулердің алдын алуға мүмкіндік бар.

Бұл, әсіресе, онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар, үнемі тексеріліп тұруды қажет ететін науқастар үшін маңызды.

Жүйені енгізудің алғашқы нәтижелері Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде қаралды.

«Жүйе сәулелік диагностиканың негізгі бағыттарын біріктіреді. Олардың қатарында рентгенография, флюорография, маммография, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, сондай-ақ ангиография бар», – деді ол.

Үш ай ішінде жүйеде 603 467 зерттеу тіркелген. Цифрлық архивпен жұмыс істеу үшін рентгенолог дәрігерлерге арналған 113 жұмыс орны және сонша диагностикалық монитор орнатылған.

Бұдан бөлек, ахуалдық орталық тексерулер санын, медициналық ұйымдардың жүктемесін, дайындалған қорытындылар санын және жүйеге қосылған мекемелердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Жиын соңында Марат Пашимов 2026 жылдың соңына дейін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсететін жекеменшік клиникаларды бірыңғай жүйеге қосуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Бүгін 09:45

Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті – Нұртөре Жүсіп

Бүгін 09:32

Тәуелсіздік-35: Алматы мерекеге орай безендірілуде

Бүгін 09:03

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кеше 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);