AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіптік бағдар беру – маңызды қадам

Кәсіптік бағдар беру – маңызды қадам

Әлеумет 19.02.2025, 15:30 1,179 Рая ЕСКЕНДІР
Кәсіптік бағдар беру – маңызды қадам
Алматы көпсалалы колледжі

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру – маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Сол себепті, қазіргі таңда оқушыларға кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Алматы көпсалалы колледжінің ұжымы осыған орай атқарылатын нақты шараларды анықтап, жоспарлы түрде жүйелі жүзеге асыруда. Өйткені, біздің оқу орнымыз техникалық және кәсіптік білім беруге бағытталған және заман талабына сай түрлі мамандар даярлайтын ұйымшыл, білікті мамандардан құралған ұжым. Оқу бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі форматта іс-шаралар, мектеп оқушылары арасында сауалнамалар өткізіледі. Солардың нәтижесі бойынша тізім жасалып, кәсіби өзін-өзі анықтау бағдары жүргізіледі, кездесулер, тренингтер, шеберлік сыныптары, түрлі акциялар өткізіледі. Қала мектептерімен келісімшарт арқылы тығыз байланыстамыз. Оқушылардың алға қойған мақсаттарын қоғам мүдделерімен сәйкестендіріп, мамандықтар туралы ақпарат таратылып, жастардың қызығушылығын арттыру үшін олардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беріледі. Сонымен қатар, практикалық жұмыс аясында мектептің 9-сынып оқушылары әлеуметтік серіктестер базаларына экскурсияға жіберу тәжірибесі қалыптасқан.

 

·        Тақырыпқа орай

 

 Асылхан Бейсетбаев, Алматы көпсалалы колледжі директоры:

 

– Білім негізгі рөл атқаратын қазіргі ақпараттық қоғамда, колледж жемісті жетістіктерге жету үшін оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын дамыту, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталығын ұсынады.

 

Алматы көпсалалы колледжі – қазіргі заманауи талаптарға сай, жан-жақты сұранысқа ие мамандық иелерін даярлайтын техникалық-кәсіптік білім беру ордасы, инновациялық технологияны меңгеруге және сол үрдіспен оқытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, қарқынды дамып келе жатқан және уақыт талабына бейімделген білім беру мекемесі. Колледжіміздің басқа оқу ордаларынан артықшылығы да осында. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #мамандық #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);