AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндік: Алматыда Meta-ның бі...

Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндік: Алматыда Meta-ның білім беру бағдарламасы басталды

Білім және ғылым Бүгін 14:35 58
Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндік: Алматыда Meta-ның білім беру бағдарламасы басталды
Суретті түсірген: Қ.Қонысбаев

Алдағы айларда Алматыда бес практикалық воркшоп өткізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жасанды интеллект тек технология саласының мамандарына емес, кәсіпкерлердің де күнделікті жұмысына еніп келеді. Алматыда стартаптар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне жарнама жасаудан бастап, клиентпен байланыс орнатуға дейінгі үдерістерде цифрлық құралдар мен AI мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйрететін халықаралық Small Business Growth Academy бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында отандық кәсіпкерлер Meta платформаларының заманауи мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, бизнесін дамытуға қажетті жаңа құралдармен танысты.

Бағдарламаның алғашқы кездесуі Алматыдағы Almaty Hub алаңында өтті. Жобаны ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Meta, Astana Hub және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырды. Ал практикалық сессияларды Meta-ның жергілікті серіктесі CoobX ұйымдастырады.

Бағдарлама кәсіпкерлерге цифрлық маркетинг құралдарын тиімді қолдануды, әлеуметтік желілер арқылы жаңа аудитория тартуды, клиенттермен байланысты нығайтуды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін бизнес үдерістеріне енгізуді үйретуге бағытталды.

Алдағы айларда Алматыда бес практикалық воркшоп өткізіледі. Қатысушылар Facebook, Instagram және WhatsApp платформаларымен жұмыс істеу, жарнаманы баптау, Reels және Threads форматтарын пайдалану, AI көмегімен контент әзірлеу және клиенттермен байланысты автоматтандыру бағыттарын меңгере алады.

Бағдарламаның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің кеңесшісі Айнұр Есбосынова мұндай жобаны Meta өкілдерімен қаңтар айынан бастап талқылағанын айтты.

Оның сөзінше, бұған дейін Қазақстанда мектеп оқушыларына, мұғалімдерге және мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру жобалары жүзеге асырылғанымен, кәсіпкерлерге бағытталған мұндай бағдарлама болмаған.

– Кәсіпкерлер – экономикамыздың негізгі қозғаушы күші. Оларға бизнесті дамыту үшін заманауи құралдарды меңгеру маңызды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі Instagram, Facebook және WhatsApp Business секілді Meta платформаларын пайдаланады. Сондықтан алдағы сегіз аптада олар осы платформалардағы жаңалықтар мен өзгерістерді тікелей Meta мамандарынан білуге мүмкіндік алмақ, – деді Айнұр Есбосынова.

Ол бағдарлама қатысушылары үшін оның ерекшелігі ақпаратты дайын бейнероликтерден немесе басқа да ашық дереккөздерден іздеумен шектелмей, аталған технологияларды әзірлейтін мамандардан тікелей үйренуінде екенін атап өтті.

Meta-ның Орталық Азия, Моңғолия, Шри-Ланка және Мальдив аралдарындағы мемлекеттік және қоғамдық саясат жөніндегі бөлімінің басшысы Сенура Абейвардена Қазақстандағы бағдарламаның негізгі бағытын инновация, инвестиция және өсім ұғымдарымен байланыстырды. Оның айтуынша, инновация Meta қызметінің негізгі бағыттарының бірі саналады. Компания әлем бойынша миллиардтаған адам күнделікті қолданатын цифрлық өнімдер мен сервистерді жетілдіруге инвестиция салып келеді.

– Біз өнімдерімізді қолдануға ыңғайлы етуге миллиардтаған доллар инвестиция саламыз. Бұл кәсіпкерлерге әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттермен байланысып, олармен бизнес жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Small Business Growth Academy сияқты бағдарламаларға да инвестиция саламыз. Бағдарлама әр елдің ерекшелігіне бейімделіп, кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға қажетті құралдар мен дағдыларды ұсынады, – деді Сенура Абейвардена.

Meta өкілі мұндай жобалардың кәсіпкерлердің жеке бизнесін дамытуымен қатар, өңірлік экономикаға да ұзақ мерзімді әсер ететінін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық болашағына компания тарапынан қызығушылық жоғары екенін жеткізді.

Оның сөзінше, бұған Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен қалыптасқан ұзақ мерзімді серіктестік те ықпал еткен. АҚШ үкіметінің қолдауы, C5+1 форматы және өңірдегі сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы да цифрлық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берген.

Ал АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Питер Кауфман Алматының Орталық Азиядағы технологиялық инновациялар мен креативті индустрияның маңызды орталығына айналғанын атап өтті.

– Шағын және орта бизнес – кез келген дамып келе жатқан экономиканың тірегі. Кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, инновациялық шешімдер ұсынып, нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделеді. Алайда қазіргі жаһандық нарықта жақсы өнімнің болуы – жолдың тек жартысы. Клиенттермен байланыс орнату, брендке деген адалдықты қалыптастыру және бизнесті халықаралық нарықтарға шығару үшін заманауи цифрлық мүмкіндіктер қажет, – деді Питер Кауфман.

Питер Кауфманның айтуынша, Meta, CoobX, Almaty Hub және Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі арасындағы серіктестік қазақстандық кәсіпкерлерге цифрлық маркетинг, хабар алмасу және жасанды интеллект құралдарын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берген.

Бағдарламаның Алматыда өтуінің де өзіндік себебі бар. Almaty Hub директоры Аида Дусова қалада кәсіпкерлердің шоғырлануы жоғары екенін жеткізді.

Ол бағдарламаны жүзеге асыруға үлес қосқан менторларға, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне, Алматы қаласының әкімдігіне және CoobX командасына алғыс білдірді.

Жалпы, Small Business Growth Academy бағдарламасы Meta тарапынан Азия-Тынық мұхиты өңірінің 12 елінде жүзеге асырылады. Қазақстандағы жоба кәсіпкерлердің цифрлық сауатын арттырып қана қоймай, жасанды интеллект пен заманауи маркетинг құралдарын нақты бизнес міндеттерін шешуге қолдануға бағытталды.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады

Бүгін 15:15

Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды

Бүгін 14:58

Алматы Busan e-FM эфирінде таныстырылды

Бүгін 14:48

Алматыда ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізіледі

Бүгін 14:30

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 14:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);