Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кәсіпкерлерге заңсыз шүйліккендерге жаза күшейеді

Кәсіпкерлерге заңсыз шүйліккендерге жаза күшейеді

Заң мен тəртіп 03.07.2023, 06:49 964
Кәсіпкерлерге заңсыз шүйліккендерге жаза күшейеді
Сурет: Massaget.kz

Антикор кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан шенділерге жазаны күшейтуді ұсынды.




ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.



«Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейін айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Ашық НҚА жарияланған кодекстің жаңа редакциясында.



Айта кетейік, қолданыстағы заң талабына сай, мұндай қылмыс жасағандарға 1 000 АЕК көлемінде айыппұл салу, 400 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға соттау болмаса осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.


Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты жаза да қатаңдатылады. Атап айтқанда, олардың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айрылады. Бұған қоса, 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1 000 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ауыр жаза ретінде 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу және осы сол мерзімге соттау шаралары қолданылуы мүмкін.


Сонымен қатар мұндай қылмыс жасаған мемлекеттік лауазымды тұлғалар да жауапкершіліктен құтылмайды. Кінәлі деп танылғандарға 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңгеге) дейін айыппұл салынады, 5 жылға сотталады немесе осы мерзімге бас бостандығы шектеледі.


Ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан судьяларға мүлкін тәркілеу, 6000 АЕК-ке (20 700 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, 6 жылға соттау не болмаса осындай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.


Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкерлер #заңсыз араласу #Жаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт дабылқаққышы көпбалалы отбасыны тілсіз жаудан аман алып қалды

Бүгін 11:03

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 10:46

Төтенше жағдай: Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Бүгін 10:21

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Бүгін 10:04

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика