Кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр

Кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр Сурет: Aikyn.kz

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.


Бұл жайында ол Мәжіліс депутаттарының инвестицияларды қорғау туралы сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Алты министрлік екі мың кәсіпкерді заңсыз тексермек болған.





«Кəсіпкерлік субъектілерінің мүддесі үшін прокурорлар жыл басынан бері 5 мыңнан астам тыйым салу жəне шектеу шараларының, 560 млн теңгеден астам сомаға 2 мың заңсыз əкімшілік іс жүргізудің күшін жойды. Бас прокуратураның наразылықтары бойынша министрліктердің (денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология, қаржы, индустрия жəне инфрақұрылымдық даму) 2 мың бизнес субъектісіне заңсыз тексеру (бару арқылы профилактикалық бақылау) жүргізуді көздеген 9 бұйрығының күші жойылды (өзгертілді)», - дейді Берік Асылов.



Прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтары өткен төрт айда кəсіпкерлерден түскен 1100 шағымды тексерген.


«Түскен сигналдардың əрбір бесіншісі (219) расталды. «Атамекен» ҰКП-мен жəне бизнес-омбудсменмен тығыз ынтымақтастық орнатылды.



Прокурорлардың көмегімен бизнес субъектілері үшін өзекті болып табылатын 12 мəселе шешімін тапты (кəсіпкерлерге газды жоғары бағамен сату, заңсыз мониторингтер жүргізу, ЖК-ге қатысты салық бұйрықтарын шығару практикасы тоқтатылды, бөлшек сауда үшін орындар анықталды жəне т.б.). Бизнес құқықтарын бұзу бойынша барлығы 750 қадағалау актісі енгізілді, 360 лауазымды адам жауаптылыққа тартылды», - делінген жауапта.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:46

19:49

19:41

17:48

17:31

17:15

17:05

16:54

16:53

16:33

16:18

16:10

16:05

15:49

15:35

15:25

15:18

15:12

15:00

14:47

14:28

14:13

14:04

12:45

12:20