Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерге қажет қосымша

Кәсіпкерге қажет қосымша

Әлеумет 04.02.2022, 04:55 1,035
Кәсіпкерге қажет қосымша
Inform.kz

«e-Salyq Business» қосымшасы – кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер




Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы  әзірленіп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.  Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге  салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол, әсіресе, жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.


Салық кодексінің ағымдағы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес, аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған. 


Бұдан басқа, комитет патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба шеңберінде қолдану мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі.


Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады.



Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады, - делінген ақпаратта.



Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын Электрондық Үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады.



Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша «Play Market», «App Store»  және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді.



Қосымша мүмкіндігіне қарай ағымдағы жылы да функционалын кеңейту бөлігінде, оның ішінде өткен жылдың соңында Ақмола және Жамбыл облыстарында өткізілген пилоттық жобаға қатысқан кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жетілдірілетін болады. Мысал ретінде, ағымдағы жылы жеке кәсіпкер қызметкерлерімен еңбек шарттарын есепке алу бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті ақпараттық жүйесімен еңбек шарттары бойынша ақпарат алмасу бойынша  жұмыстар жүргізу жоспарланған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #кәсіпкер #қосымша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика