Кәсіби еңбек адамы халықаралық стандарттарға сәйкес білім алады

Кәсіби еңбек адамы халықаралық стандарттарға сәйкес білім алады aqshamnews.kz

Бүгінде еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – кәсіби жұмысшы мамандарды даярлау. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұ­мыстар баршылық. Бұрынғы техникум, кәсіби-техникалық учили­щелер колледждерге айналып, оқу орындары түрлі жұмысшы мамандықтарын дайындайды. Мемлекет өз тарапынан оларға барынша жағдай жасауға тырысуда. Қазақстанның барлық айма­ғында кәсіби жұмысшылар дайындайтын колледждердің жұмысы жандандырылуда. Ендігі мәселе сұранысқа ие мамандарды дайын­дап, өндірістердегі жұмыс орнын толтыру. Қазір шағын және орта­ша бизнес секторында өндіріс өріс алып, тәжірибеден өткен ма­ман-жұмысшыларға сұраныс артып отыр. Осы бағытты дамыту колледждерге міндеттелген кезек күттірмейтін мәселе.

Теория мен  тәжірибе алаңы

Алматы электр-механика кол­леджінің басым бағыты – жұмысшы мамандарын дайындау, еңбек ада­мының мәртебесін арттыру. Оқу орны директорының міндетін атқарушы Ажар Байділдаеваның айтуынша, алғашында «Кәсіптік оқыту орталы­ғы», кейіннен Алматы қаласы Білім басқармасы КМҚК «Алматы электр- механика колледжі» болып құрылған екен.

Бүгінде колледжде 102 қызмет­кер жұмыс істейді, 860 білім алушы бар. Колледж оқушыларды 9 және 11-сыныптан кейін мемлекеттік тап­сырыс бойынша оқуға қабылдап, кәсіби мамандар дайындайды. Білім алушылар үлгеріміне қарай шәкірта­қы алады. Әлеуметтік көмек ретінде ыстық тамақпен қамтылған. Шәкірт­терге елуден астам өндірістік оқу ше­берлері, оның ішінде ғылым канди­даттары, магистрлар, педагог-зерттеуші, педагог- модера­торлор дәріс береді. Теория міндетті түрде өндірістік тәжірибемен ұштас­тырыла жүргізіледі.

Білім ордасының өз оқу-өндірістік шеберханасы бар. Студенттердің тәжірибеден өтуі, оқу орнын бітірген бойда кәсібі бойынша жұмысқа ор­наласуы үшін Алматыдағы барлық дерлік өндіріс орындарымен келісім­дер жасалынған. Олардың қатарын­да «Сайман» корпорациясы ЖШС, «Алматы электр-механика зауыты», «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Ал­матыЭнергосбыт» МКК, «Алматы Су» МКК, «Іскер Газ» ЖШС және т.б. бар. Өндіріс орындарындағы тәлімгер­лерді ынталандыру мақсатында тәжі­рибеден өткен әрбір студент үшін тө­лем қарастырылған.

Шетелдік тағылымдама:  халықаралық тәжірибені меңгеру

Алматы қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023–2030 жылдарға арналған Жол картасы негізінде шетелдегі оқу-өндірістік базасында 18 қызметкер халықара­лық тағылымдамадан өткен. 2023 жылы 2 арнайы пән оқытушысы – Бразилияда, 2 арнайы пән оқытушы­сы, 3 оқыту шебері – Германияда тағылымдамадан өткен. 2024 жылы оқытушылар Венгрияда, Словения­да, Австрияда, Германияда тағы­лымдамадан өтіпті.

2023-2024 оқу жылынан бастап Алматы электр-механика колледжі Германияның Магдебург қаласын­дағы «Janser Consult GmbH» көпса­лалы косалтингтік компаниясымен ынтымақтастық орнатыпты. Осы ынтымақтастық аясында 2024 жылдың қыркүйек айында Герма­нияның бірнеше жетекші компа­нияларымен меморандумға қол қойылып, халықаралық өзара ық­палдастықты дамыту басталды. Серіктестік мақсаты – шетелдермен байланыс орнату, заманауи техноло­гияларды игеру, кәсіби біліктілікті арттыру және халықаралық стан­дарттарға сәйкес білім беру.

Осының негізінде шетелде тағы­лымдамадан өтуге барлығы жиырма білім алушы іріктеліп, шетелдік ком­паниялармен келісім-шарт жасалған. Олар 2025 жылдың басында Герма­нияда 45 күндік тәжірибеден өтіп келді. Жатын орындары тегін болды және оларға 1500–1700 евро кө­лемінде шәкіртақы төленген. Алматы­лық шәкірттер шетелдік тағылымда­мадан өте жақсы өтіп, тоғыз білім алушы «AMP LEUNA GmbH SITEX Textile», «Hans Kupfer Sohn GmbH», «Actmemium Gegelec Mitte GmbH», т.б. компанияларға жолдама алыпты. Бұл дегеніңіз, Қазақстанның кәсіптік білім беру саласы халықаралық дең­гейге шықты деген сөз. Қарапайым еңбек адамының кәсіби жұмысшы мамандығын игерудегі жетістігін осы тәжірибеден көруге болар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:13

17:38

17:19

15:53

15:26

14:54

14:43

14:20

14:17

14:09

12:28

12:15

12:02

12:00

11:52

11:37

11:21

11:09

11:01

11:00

10:48

21:24

18:48

17:50

17:34