AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Картоп көш бастап тұр...

Картоп көш бастап тұр...

Әлеумет 23.12.2024, 15:36 1,401
Картоп көш бастап тұр...
primeminister.kz
 

Желтоқсан айының басынан бері еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында мәлімделді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, жәрмеңкелер тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болып, ұсынылған өнімдер толықтай сатылып жатыр.

«Ең көп сатылған өнімдердің қатарында картоп көш бастап тұр: Қарағанды облысында – 110 тонна, Алматыда – 90 тонна, ал Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды», – деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, жәрмеңкелермен бірге сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорларынан көкөністер шығарылып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының дерегінше, 19 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, тұрақтандыру қорларынан 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз және 2,1 тонна қырыққабат сатылған. Алдағы мамыр айына дейін көкөністерді сату кестесі өңірлердің қажеттілігін ескере отырып жасалды.

Апта қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,1%-ға өсті, ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрады.

Кеңес соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді одан әрі белсенді өткізуді және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда саласында мемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жәрмеңке #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);