AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиологиядағы тағы бір жаңа инновация

Кардиологиядағы тағы бір жаңа инновация

Медицина 13.08.2026, 10:11 249
Кардиологиядағы тағы бір жаңа инновация

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өткен шеберлік класы аясында төрт пациентке жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтары имплантацияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Магнийлік скаффолдтар – уақытша, өздігінен сорылатын тамырлық каркастар (биорезорбцияланатын стенттер). Олар жүректің ишемиялық ауруы және басқа да жүрек-қантамыр аурулары кезінде тарылған коронарлық артерияларға енгізіліп, тамырды кеңейтуге және қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. 6-12 ай ішінде каркас ағзада із қалдырмай толықтай ериді.

"Жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтарын имплантациялау олардың қауіпсіз еруі барысында ағзаға каркасты өзінің табиғи тінімен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл созылмалы қабыну қаупін төмендетіп, қан тамырларының табиғи қалпына келтіреді", – дейді КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Колесников.

Іс-шара интервенциялық кардиология саласындағы жетекші мамандардың басын қосып, озық халықаралық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаңға айналды. Шеберлік класына шақырылған сарапшы-проктор ретінде Германияның Klinikum Fürth клиникасының интервенциялық кардиология саласындағы жетекші маманы, күрделі коронарлық араласуларды орындау және коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы бар пациенттерді емдеу бойынша халықаралық сарапшы дәрігер Стильянос Пиксарас (Dr. Stylianos Pyxaras) қатысты.

Шеберлік класының бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Білім беру сессиялары барысында қатысушылар биорезорбцияланатын скаффолдтарды қолдану технологияларымен танысып, пациенттерді іріктеу мәселелерін, оларды қолдануға арналған клиникалық көрсеткіштерді, сондай-ақ технологияны әртүрлі клиникалық жағдайларда пайдалану ерекшеліктерін қарастырды.

Коронарлық араласулардың күрделі жағдайларын талдауға, имплантацияның практикалық аспектілерін талқылауға және кәсіби тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді. Операциялар сәтті өтті. Барлық жоғары технологиялық медициналық араласулар МӘМС қаражаты есебінен жүргізілді.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу инновациялық медициналық технологияларды енгізуге, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және Қазақстандағы интервенциялық кардиологияның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Бүгін 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);