AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет эле...

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет электродсыз кардиостимулятор имплантталды

Медицина 25.12.2023, 03:59 1,226
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет электродсыз кардиостимулятор имплантталды
Сурет: Gov.kz





Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 76 жастағы пациентке алғаш рет Micra электродсыз кардиостимуляторы имплантатталды.


Бұл жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдеуде жаңа дәуірді білдіретін кардиостимуляция технологиясының дамуындағы маркер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды. 



"Бұған дейін пациентке 2016 жылы қарапайым электрокардиостимулятор қойылған, бірақ оның қабылданбауы бірнеше жылдан кейін болған. Біздің аритмологтар электродсыз кардиостимуляторды алғашқы имплантаттауды А. Сызғанов атындағы ҰҒХО рентгенхирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің  меңгерушісі Әділ Байымбетовтың басшылығымен жүргізді.   Келесі операцияларды өз бетінше жүргізетін боламыз", - деп бөлісті басқарма басшысы Марат Пашимов.



Клиниканың аритмологиялық қызметінің аға резиденті Артур Әбдімомыновтың айтуынша, Micra - бұл белгілі бір себептермен кәдімгі кардиостимуляторды орнату мүмкін емес өткізгіштік бұзылыстары бар пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы. Micra кардиостимуляторы дәстүрлі модельдерде жиі қолданылатын сымдарды қажет етпейді. Ол аз инвазивті емшаралар арқылы тікелей жүрекке имплантатталады, бұл оны пациент үшін қауіпсіз және ыңғайлы етеді.



"Micra шағын өлшемді,  бұл оны тікелей жүрек қуысына орналастыру ға мүмкіндік береді. Жетілдірілген технологиялар мен биосенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын ынталандырады. Micra-ның басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімі. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Micra электродтарды өткізумен байланысты асқынулардың қаупін айтарлықтай төмендететінін және олардың зақымдану немесе инфекция мүмкіндігін болдырмайтынын атап өткен жөн", - деп атап өтті жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ уақытпен қатар жүретін және институт пациенттерінің денсаулық жағдайын және олардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін озық емдеу әдістерін қолданатын жетекші клиника ретіндегі беделін тағы да растайтыны қуантады.


Аппаратты имплантаттау бойынша қымбат операция пациентке МӘМС қаражаты есебінен толығымен тегін жүргізілді.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология #ішкі аурулар #импланттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);