AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Камала Харрис пен Дональд Трамп маңызды мәлімдемел...

Камала Харрис пен Дональд Трамп маңызды мәлімдемелер жасады

Әлеумет 30.10.2024, 10:07 1,858 Bakyt
Камала Харрис пен Дональд Трамп маңызды мәлімдемелер жасады
Сурет: ашық дереккөз

АҚШ президенттігіне үміткерлер сайлауға бір апта қалғанда маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Бір аптадан кейін сізде өз өміріңізге, отбасыңыздың өміріне және біз сүйетін елдің болашағына тікелей әсер ететін шешім қабылдау мүмкіндігі болады», — деді АҚШ вице-президенті және президенттікке үміткер Камала Харрис.

Харристің айтуынша, алдағы сайлау «екі партия мен екі үміткер арасындағы таңдау ғана емес».

«Бұл сайлау біздің еліміздің әрбір азаматы үшін еркіндікке негізделген ел бола ма, әлде хаос пен алауыздық билік ете ме деген шешім. Уақыт жаңа буын американдық көшбасшылардың келуін талап етеді», — деп қосты Харрис.

Харристің штабының бағалауы бойынша, митингіге 75 мыңнан астам адам жиналды.

Ал Дональд Трамп өткен жексенбіде ауқымды митинг өткізді, ол Манхэттеннің жүрегіндегі әйгілі Мэдисон-сквер-гарден аренасында сөйледі. Оны қолдауға миллиардер Илон Маск және басқа танымал тұлғалар келді.

«Егер мен сайлауда жеңіске жетсем, біз әлем тарихындағы ең қуатты экономиканы тез арада құрамыз. Менің өткен мерзімімде дәл осындай экономика болды. Біз инфляцияны жылдам жеңіп, Американы ең қуатты елге айналдырамыз», — деді Трамп Мэдисон-сквер-гардендегі сөзінде.

Айта кетейік, Филадельфия Илон Маскке қарсы сотқа шағым түсірді. Республикалық партия күн сайын миллион доллардан таратқан штаттардағы бұл әрекеттер прокуратура тарапынан «заңсыз лотереялық схема» деп аталды. Филадельфия прокуроры бұл істі штаттың заңнамасына сәйкес қозғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#харрис #Трамп #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);