Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кака 2026 жылға дейін Қазақстан құрамасын жаттықты...

Кака 2026 жылға дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырады

Спорт 19.10.2024, 16:40 1,183
Кака 2026 жылға дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырады
Александр Ковпак
 

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін созылады.

«Өзбекстанда өткен әлем чемпионаты біздің команданың кез келген қарсыласқа қабілетті екенін көрсетті. Турнирдегі сәтті өнерінің арқасында біздің команда әлемнің үздік бестігіне енді. Сондай-ақ, дүбірлі дода жастарымыздың әлеуеті зор екенін көрсетті. Бұл елімізде футзалдың дұрыс дамып келе жатқанын көрсетеді. Бас бапкер Пауло Рикардо Кака мырзаның қосқан үлесі зор. Алда Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. Біздің міндет – Еуроның финалдық кезеңіне шығу. Кака бапкердің басшылығымен біздің жігіттер осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынына күмәнім жоқ», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Пауло Рикардо Кака алға жоғары мақсат қойғанын атап өтті.

«Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан футзал қауымдастығына қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан құрамасы тек ең жоғары мақсатты алға қояды. Біз 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака.

Еске сала кетейік, Пауло Рикардо Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды, бұл әлем чемпионаттарына қатысу тарихындағы ең үздік жетістік. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде екінші, ФИФА рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қазақстан құрамасы #футзал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика