Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзі...

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі келесі жылға дейін шегерілді

Әлеумет 28.01.2022, 06:24 2,085
Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі келесі жылға дейін шегерілді
24 kz

Қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осы қаулымен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі мемлекет меншігіне қабылданғаны айқындалды. Министр хабарлағандай, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы ретінде мемлекеттің 100% қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ анықталды. Жарғылық капиталда АҚ-ның басқа меншік иелері жоқ. Утилизациялық алым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.



«27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады», – деді С.Брекешев.



Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданды. «Атамекен» ҰКП қорытындысында утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды. Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі, ол мемлекеттік органдармен келісілу сатысында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Утильизация #алым #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика