Жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне енуі мүмкін

Жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне енуі мүмкін Сурет: Astanatv.kz

Ол туралы Мәжілісте дөңгелек үстел барысында айтылды.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жылқы етін тұтынушылардың үлесі жылдан-жылға артып келе жатқанын айтып, неге ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне қосылмай келе жатқанын сұрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді.

— Ешқандай кедергі жоқ. Біз ол ұсынысты қарайық. Ондай мәселе осыған дейін көтерілген жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі баяғыдан ел ішінде жоғары қолданысқа ие өнімдерден жасақталып, қалыптасқан. Біз оны кезең-кезең сайын қарап отырамыз. Ол тауарлардың бағасы қол жетерліктей болу керек, — деді Жанель Күшікова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21