AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына дейін "ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтожолды"...

Жыл соңына дейін "ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтожолды" біріктіру процесі аяқталады

Әлеумет 27.07.2022, 07:20 1,258
Жыл соңына дейін "ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтожолды" біріктіру процесі аяқталады
Сурет: Dsnews.ua

Біріккеннен кейін, біртұтас компания «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деп аталатын болады.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС біріктіруге қатысты қаулы жобасы әзірленді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тиіс іс-шаралар атқарылды. Министрлік «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС біріктіру үшін «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасын әзірледі. Бұл құжат жобасы биыл тамыз айында Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі. Жоғарыда аталған мекемелерді біріктіру процесін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - делінген министрліктің жазбасында.



Ведомство мәлеметінше, біріккеннен кейін, біртұтас компания «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деп аталатын болады.



«Бұл іс-қимыл жолдарды күтіп ұстау бойынша барлық жұмыс барысын толық бақылауға алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автомобиль жолдарын пайдаланушылардың сауалдары мен шағымдарына жедел әрі уақытылы ден қоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ төтенше жағдайлар болған жағдайда мемлекеттің жұмылдыру дайындығы деңгейін арттырады», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.



Бұдан бұрын хабарланғандай, Мелекет басшысы «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #компания #бірігу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);