AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградтал...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды

Әлеумет 18.07.2025, 11:34 1,046
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы жалпы сомасы 304,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 615,4 мың отбасы 265,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,5 мың адам 39 млрд теңгеге қамтылды.

Бұл туралы Aqshamnews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2025 жылдың маусым айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 867,4 мың отбасы жалпы сомасы 51,3 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 623,5 мың отбасы 44,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243,9 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көпбалалы отбасылар #Наградталған аналар #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика