AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуін...

Жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты 34 хабаралама түскен

Әлеумет 22.04.2025, 16:08 777
Жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты 34 хабаралама түскен
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырады.

 2025 жылдың басынан бастап (22 сәуірдегі жағдай бойынша) 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлағаны туралы 34 хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды, қалғандары түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиғалар Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында орын алды. Алдыңғы жылдардағыдай, басты себеп — ересектер тарапынан бақылаудың аз болуы. Қараусыз қалған балалар терезе алдына шығып, жиһазды тіреуіш ретінде пайдаланады немесе салмақты көтере алмайтын москит торларына сүйенеді.

Өткен жылы ересектердің қарауынсыз қалған 2 мен 13 жас аралығындағы балалар терезеден құлаған 173 жағдай тіркелді.

Үйде болған кезде балалар, ең алдымен олардың ата-аналары қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлап кету қаупін азайту шараларын білуі керек:

1. Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.

2. Терезені тиісті қорғаумен жабдықталмаған москит торларын пайдаланбаңыз - балалар мұндай торларға сүйеніп, нәтижесінде олармен бірге құлап түседі.

3. Балалар өздігінен терезені аша алмайтындай етіп, қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз.

4. Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнауға жол бермеңіз.

5. Балалар терезенің алдына шыға алмайтындай, жиһаздарды оның жанына қоймаңыз.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қауіпсіздік #терезе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады

Бүгін 18:01

Алматыда Қала күніне орай бірегей мультимедиялық 3D MAPPING SHOW ұсынылады

Бүгін 18:01

Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді

Бүгін 17:50

19 және 20 қыркүйекте Алматыда Қала күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 17:46

Алматыда қала күніне орай күрделі жөндеуден өткен екі балабақша ашылды

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);