AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жыл басынан бері Алатау ауданына 97,5 млрд теңге и...

Жыл басынан бері Алатау ауданына 97,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Экономика 24.06.2025, 17:28 1,491
Жыл басынан бері Алатау ауданына 97,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Сурет: интернеттен

Алматы қаласының полицентрлік даму идеологиясы аясында Алатау ауданында әлеуметтік-экономикалық сала ілгерілеп келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Талғат Малыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы бес айында аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 97,5 млрд теңгеге жетті, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 127%-ға артқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлік те өсті. Тіркелген бизнес субъектілерінің саны 14%-ға көбейіп, бұл өз кезегінде салық түсімінің 48,4 млрд теңгеден 66,8 млрд теңгеге дейін, яғни 38%-ға өсуіне ықпал еткен. Соның арқасында 1 500 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

«Экономикалық өсімнің арқасында Алатау ауданының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға өсіп, шамамен 57 млрд теңгеге жетті. Бұл бізге инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға   қаржы бөлуге мүмкіндік беріп отыр», – деп атап өтті Талғат Малыбаев.

Аудан әкімі сондай-ақ 2025 жылы жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды бағдарламаның жүзеге аса бастағанын хабарлады. 18 шағынауданда жалпы ұзындығы 86,4 шақырым болатын 172 көше орташа жөндеуден өте бастады. Боралдай (57 көше, 14,3 км) және Рахат-Мәдениет (107 көше, 36,3 км) шағын аудандарында жаңа жол салына бастады. Сайын көшесін 3,2 шақырымға, Тілендиев көшесін 10,5 шақырымға және Рысқұлов даңғылын да ұзарту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жалпы ауданы 15 мың шаршы метр болатын шұңқыр жөнделіп, жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);