Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басталғалы бюджетке түскен кедендік төлемдер м...

Жыл басталғалы бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға артты

Әлеумет 14.02.2022, 11:05 1,113
Жыл басталғалы бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға артты
Сурет: Inbusiness.kz

Биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.


Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының мәлімдеуінше, жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заң бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы бүгін Президенттің қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов айтты.


Қазақстаннан шетелге ақша шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше, биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.



Жанат Элимановтың айтуынша, елде мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заң бұзушылық анықталған. Сонымен қатар Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 млрд теңгеге дейін) өсті.



Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағатталған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Тариф» жобасы бойынша коммуналдық қызметтердің 17 миллиард теңгеге өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін 1,3 миллион азаматтың негізсіз шығынына жол берілмеді. 13 іс қозғалды (сумен жабдықтау – 8, газбен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 2). Президент жариялаған Балалар жылы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, «Қамқор» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қорғауға бағытталған. Нәтижесінде 45 іс бойынша 800 жетім баланың құқығы қорғалды.


Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін Агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеден #мониторинг #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика