AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан көз жұмды

Жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан көз жұмды

Әлем 30.10.2021, 05:11 1,268
Жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан көз жұмды
Cурет: Ашық дереккөз

Медицина қызметкерлерінің коронавирустан болған өлімі туралы ашық ресми статистика жоқ


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазан айындағы есебіне сәйкес, әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.



«2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамырына дейінгі аралықта 80-нен 180 мыңға дейін дәрігер CОVID -19 инфекциясынан қайтыс болуы мүмкін. Демек, қазіргі уақытта орташа есеппен бұл көрсеткіш 115 500-нан асады», - делінген ұйым сайтында жарияланған мәліметте.



Ресейде медицина қызметкерлерінің коронавирустан болған өлімі туралы ашық ресми статистика жоқ. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған 258 дәрігердің қайтыс болғанын хабарлаған еді.


Осы ретте, халықтың қайтыс болған ақ халаттылар туралы деректерді дербес енгізуіне мүмкіндік беретін бірқатар тәуелсіз интернет-жобалар бар. Соның бірі – «Есте қалар тізімде» бүгінде 1459 адамның аты-жөні жазылған.


Биылғы 17 қыркүйекте Мәскеудегі Сеченов университетінің аумағындағы Өмір аллеясында індетке қарсы күрескен медицина қызметкерлерінің ерлігіне арналған монументтің ашылуы көз жұмған қаһармандарды еске алуға арналған символдық шаралардың бірі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #Пандемия #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);