AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Журналистердің діни экстремизм саласындағы сауатын...

Журналистердің діни экстремизм саласындағы сауатын көтерудің маңызы қандай?

Барлығы 15.08.2025, 10:46 429
Журналистердің діни экстремизм саласындағы сауатын көтерудің маңызы қандай?
Сурет: Gov.kz

Алматыда дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған ақпараттық және оқыту семинары өтті.

Бұл семинарға қалалық және республикалық БАҚ өкілдері қатысып, білім көкжиегін кеңейтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сабақ барысында сарапшылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында қалам тербейтін журналистердің жіберетін қателіктерін тілге тиек еттті.

«Сәлафиттер, сақалдылар, шолақ балақтылар - бұл журналистердің жиі қолданатын сөздері. Заң тұрғысынан алғанда бұл дұрыс емес. Олар - ең алдымен тең құқылы Қазақстан азаматтары, қарапайым тұрғындар. Сондықтан, сыртқы келбетіне қарап оған күйе жағуға болмайды. Ақпарат жазғанда «сәлафиттер» деген сөзді жазбас бұрын соған көз жеткізген абзал. БАҚ өкілдеріне арналған семинардың мақсаты - тілшілерге діни экстремизм мен терроризмнің не екенін түсіндіру. Журналистер дін саласының мамандары емес, сондықтан оларға бағыт-бағдар беру керек», - деді «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша» ҚҚ президенті Кәкімжан Мұратжанұлы.

Мамандардың айтуынша, дін, діни экстремизм мен терроризм тақырыбында мақала жазу өте қиын. Себебі, бұл ұғымдардың астарында үлкен мән бар. Тіпті, қауіпті десек те болады. Сондықтан, қате жібермеуге тырысу керек. Әлеуметтік желіні, телеарнаны, сайттарды миллиондаған адам оқиды, көреді, тыңдайды. Журналистің білместіктен жіберген қатесі үлкен саяси дау тудыруы да мүмкін.

«Кей журналистер ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей өз тарапынан түрлі мақалалар жазады. Сөйтіп, адамдарды шатастырады, өз мамандығына, яғни журналистикаға нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан БАҚ өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз», - дейді Кәкімжан Мұратжанұлы.

Айта кететін жай, ақпараттық оқыту семинары 5 күнге созылады. Бұл шараға қатысқан БАҚ өкілдері мен блогерлерге 5 күндік оқыту курсы аяқталысымен арнайы сертификат беріледі. Берілген сертификат экстремизм мен терроризмді алдын алу тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистердің бұл тақырыпта қате жібермеуіне үлкен үлес қосады деп сенім артуда ұйымдастырушылар.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналистер #діни экстремизм #сауат көтеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика