Жүргізуші куәлігінен айырылған мас ер адам полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты

  • 09:43, 25 шілде 2025
Жүргізуші куәлігінен айырылған мас ер адам полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты Сурет: Polisia.kz

Жүргізуші куәлігінен айырылған мас ер адам полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 
 
Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйінде автокөлік тізгінін ұстаған.
 
Полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.
 
Қашып бара жатып бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
 
Кейін патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.
 
Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.
 
Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.
 
Прокуратура Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алып келетінін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:28

21:42

18:04

17:44

17:19

17:17

17:14

17:12

16:33

15:06

15:01

14:32

13:03

12:44

12:04

11:32

11:00

10:49

10:48

10:27

10:05

10:00

09:43

16:36

16:15