AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жүрекке салмақ түсірмеңіз!

Жүрекке салмақ түсірмеңіз!

Медицина 24.04.2024, 06:30 1,282
Жүрекке салмақ түсірмеңіз!
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кейінгі жылдары жүрегі ауыратын, қан айналымы, яғни қан қысымы нашарлаған орта жастағы адамдар көбейіп барады.


Бұрын тек 50-60 жастан асқан жандар ғана жүрек тұсының ауыратынын, қан қысымының жиі көтеріліп кететінін айтып шағымданатын болса, кейінгі 3-4 жылда жүрек дертіне шалдыққан 40 жастан асқан науқастар көбейді.


Мәселен, 2023 жылғы мәліметтерге қарасақ, «Almaty Resort» шипажайына барып, демалып әрі емделіп жатқан науқастардың 60%-ынан жүрек-қантамыр жүйесінде ақау бары анықталған. Пайызға шақсақ, 36%-ы 65 жастан асқандар болса,  30%-ы 50-65 жас аралығында, ал 26%-ы 40-50 жас аралығы және 8%-ы 40 жасқа дейінгі науқастар болып шыққан.



Шипажайдағы жоғары санатты дәрігер кардиолог Ботагөз Бақтұрқызының айтуынша, көмек сұраған әр науқастың ерекшелігіне қарай ем тағайындалады. 



“Демалушы тек аурудың алдын алу үшін келген болса, шипажайда ол бағытта емдік іс-шаралар кең ауқымда. Егер науқас ауырып келген болса, дәрі-дәрмектік емнен бастаймыз, кейін денсаулығы қалпына келгеннен кейін физиоем, тоқпен, балшықпен емдеу т.с.с ем түрлерін қосып, сауығып шығуына үлкен үлесімізді қосамыз”, - дейді. 




Оңалуға келген азаматтарға «Редкорд», «Артромот», «Тр.Бубновский» атты жаттығу аппараттары арқылы іс-шара қолданылады.


Сонымен қатар, ЖҚЖ ауруларының алдын алу мақсатында биыл «сутектік ингаляция» емдеу тәсілі енгізілген. Яғни антиагреганттар (кардиомагнил, тромбо асс, тромбопол, аспиринкардио) орнына «сутекпен булаудың» бір курсын алып өте жақсы нәтижеге жетуге болады.


Жалпы, жыл басынан бері I тоқсанда «Almaty Resort» шипажайында 426 адам жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бойынша емделген. Оның ішінде әртүрлі категорияда тіркелген демалушылар да бар. Ал 2023 жылғы мәліметтер бойынша 2 372 демалушы жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бойынша ем-дом алған екен. Мұның ішінде жүрек қан-тамыр жүйесіне ота жасалған және стационарлық ем алған нақастар да тіркелген.


С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 2006 жылғы түлегі Ботагөз Дүйсеннің кардиология саласында қызмет етіп жүргеніне 17 жылдай уақыт болыпты.  «Осы салада жұмыс істеп жүрген талай жылда ұғынғаным, науқас азаматтардың көбі әбден сырқаттанып, емделмесе болмайтындай жағдайға жеткенде ғана келеді. Ал біздің шипажайдың басқа шипажайлардан ерекшелігі – стационарлық шипажаймыз. Яғни біз аурудың алу мақсатында, стационарлық ем көрсету және де реабилитация жүргіземіз. Осындай жан-жақты көмек көрсете алатын орталықта жұмыс істейтінім маған ерекше күш-қуат береді.



«Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» демекші, емделіп, жазылып шыққан науқастардың батасына бөленіп отырудан асқан бақыт жоқ. Армандаған арманыма, көздеген мақсатыма жету – мен үшін ең бастысы осы!» - дейді Ботагөз Бақтұрқызы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүрек #Қан айналымы #қан қысымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);