Жұмысшы мамандықтар жылы - болашақтың берік іргетасы

Жұмысшы мамандықтар жылы - болашақтың берік іргетасы Сурет: автор

2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.

 

Бұл бастама техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға баулуға бағытталған. Осындай игі мақсаттарды жүзеге асыру жолында Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі 2025 жылдың 14 ші ақпаны күні Алматы қаласы Түрксіб ауданының №195, №189, №78 және Алатау ауданының №164 мектептерінің ұстаздары мен оқушыларына Ашық есік күнін ұйымдастырып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қоғамның дамуы мен экономиканың тұрақтылығы білікті жұмысшыларға тікелей байланысты. Инженерлер мен конструкторлар қанша мықты жоба жасаса да, оны іске асыратын – қолында кәсіби құралы бар шебер мамандар. Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде автокөлік жөндеу, дәнекерлеуші, тігін өндірісі, шаштараз өнері, электр және механикалық жүйелерді басқару сияқты маңызды бағыттар бойынша білім беріледі. Ашық есік күніне келген мектеп оқушылары осы мамандықтар жайлы жан-жақты мағлұмат алды. 

Колледж оқытушылары оқу үрдісі, тәжірибелік сабақтар, заманауи техникалармен жабдықталған зертханалар туралы баяндады. Ал, білім алушылар өздері меңгеріп жатқан кәсіптерін іс жүзінде көрсетіп, түрлі шеберлік сыныптарын өткізді.

Сонымен қатар, шығармашылық көзқарасты дамыту және сұранысқа ие мамандықты таңдауға көмектесу мақсатында оқушылар «Голубая звезда Казахстана» компаниясына экскурсияға барды. Бұл комания-«Mercedes Benz» марқасының ресми дилері. Оқушыларға автосервис және автомобиль индустриясы саласындағы кәсіби қызметпен танысуға мүмкіндік берілді.

Бүгінде жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар тәжірибелі механиктерді, техник-мамандарды, дәнекерлеушілерді, автослесарьларды іздеп, жоғары жалақы мен тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге дайын. Колледж директоры іс-шара барысында:

"Біз жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың еңбек нарығында өз орындарын табуына көмектесеміз. Біздің түлектеріміз – еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосатын білікті мамандар," – деп атап өтті.

Ашық есік күніне келген жастар жұмысшы мамандықтарының тек қажетті ғана емес, сонымен қатар беделді әрі табысты екенін түсінді. Өз қолымен ел игілігіне еңбек ету – үлкен мәртебе.

Жұмысшы мамандықтары – тек бүгінгі ғана емес, ертеңгі күннің де кепілі. Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің бастамасы – кәсіби білімге ұмтылған жастарға жол ашатын маңызды қадам. Осындай іс-шаралар арқылы біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп, ел экономикасының берік іргетасын қалаймыз.

"Қайратты еңбек – бақытыңның шырағы" демекші, әр жас өз болашағын сенімді қолмен қалыптастыра алады. Ал жұмысшы мамандығын меңгеру – сол болашаққа апаратын берік көпір.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:16

20:37

17:53

17:42

17:13

17:08

17:05

17:04

16:47

16:26

16:16

15:57

15:39

15:34

15:23

15:04

14:40

14:15

14:14

13:52

13:47

13:11

13:04

12:45