Жұмысшы мамандықтар жылы: білім беру мүмкіндіктері

Жұмысшы мамандықтар жылы: білім беру мүмкіндіктері Алматы көпсалалы колледжі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары­­­ның жылын жариялау туралы» Жарлық­қа қол қойды. Бұл туралы Прези­дент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмыс­шы маман­дықтарын дәріптеу арқы­лы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғам­да еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиет­тер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсетті.

 

Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – бұл дегеніміз еңбек адамының беделін арттыру, оның кәсіби біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ жұмысшының қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын жан-жақты үдеріс. Бұл міндетті шешу үшін кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмысшы мамандықтарының мағынасын кеңінен насихаттау, қолдау көрсету сияқты кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізу арқылы шешілмек.

 

Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарын оқытатын Алматы көпсалалы колледжі кәсіптік-техникалық білім алған жұмысшы мамандарының теориялық білім алумен қатар өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби біліктілігін арттыруына, колледжді аяқтағанда дайын мамандық иесі болып шығуына барлық мүмкіндіктерді береді. Колледждің педагогикалық ұжымы білім беру үдерісіне жаңа технологияларды белсенді енгізеді, түрлі кәсіби конкурстарға қатысып, онда жүлделі орындарға ие болады.

 

Бүгінгі таңда колледж ұжымы өз алдына кадрлар даярлаудың тиімділігін арттыру, қолданыстағы жүйені жетілдіру және қала экономикасының салаларымен үйлестірілген мамандар даярлаудың инновациялық моделін енгізу бойынша маңызды міндеттер қояды.

 

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2023, 2024 жылдары колледждің 20 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Түркия, Германия, Қытай, Корея, Малайзия мемлекеттерінің оқу орталықтарында халықаралық тағылымдамадан өтті.

 

Ғылыми-зерттеу және білім беру бағыттарында тәжірибе алмасу бойынша колледж Қытайдың жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда меморандумдарға қол қойылған.

Әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық нәтижесінде колледж түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жоғары көрсеткішке ие. Бүгінгі таңда колледжде әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттардың бірі екені анық. Студенттерді өндірістік тәжірибемен қамтамасыз ететін қаланың жетекші кәсіпорындарымен шарттар мен келісімдер жасалған.

 

Алматы көпсалалы колледжінің әкімшілігі білім алушылардың оқудағы талаптарын қанағаттандыру мақсатында таңдаған мамандығын жетік мегеруіне барлық жағдай жасай отырып, түрлі іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізеді.  

 

2024 жылы күрделі жөндеуден өтіп, замануи құралдармен жабдықталған «Көпсалалы құзыреттілік орталығы» теориялық білімді тәжірибеде бекітуге, мамандықты толық меңгеруге мүмкіндік береді:

 

·   Жиһаз технологиясы орталығы;

·    Ағаш өңдеу және дизайн орталығы;

·   Тоңазытқыш-компрессорлық жүйелер орталығы;

·   Сәулет және дизайн орталығы;

·   Сандық шешімдер орталығы;

·   Startup Hall;

 

Зертханалар:

 

·  Төмен температуралы технологиялар зертханасы;

·  АвтоМастер Лаб.

 

Сабақтан тыс уақытта да мамандыққа деген қызығушылығы мен ізденсістерін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді. Алматы көпсалалы колледжі студенттерінің шығармашылық жетістіктері ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 байқауында үшінші орынға ие болып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуі. Сондай-ақ, оқу бөлімі мен өндірістік оқыту шеберлері «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында «Алматы көпсалалы колледжі картинасы» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.

Мақсаты:

·   кәсіби білім  мен дағдыларды қалыптастыру;

·    білім алушылардың өз мамандығына қызығушылығын арттырып, олардың еңбек етуге қабілеттерін дамыту;

·    оқушылардың «АКК» картинасына қолтаңба қалдыруы.

 

Осындай іс-шараларды өткізуде жобалық тапсырмалар бере отырып, орындалған жұмыстарды қорғау барысында негізгі идеяны жеткізудегі бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесі, шығармашылық ізденістері, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, студенттердің қабілеттерін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.

 

Алматы көпсалалы колледжі ұжымы, мектеп оқушыларына біздің оқу орнымызға қош келдіңіздер және студенттерге сәттілік, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:48

18:46

17:47

17:35

17:14

17:05

16:40

16:35

16:22

16:18

15:53

15:37

15:17

14:56

14:52

14:44

14:28

14:14

13:44

13:38

13:36

13:34

13:33

13:31

13:03