Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмысшы мамандықтар жылы: Алматылық колледж техник...

Жұмысшы мамандықтар жылы: Алматылық колледж техникалық білім беру мәртебесін нығайтады

Әлеумет 17.02.2025, 12:26 820
Жұмысшы мамандықтар жылы: Алматылық колледж техникалық білім беру мәртебесін нығайтады
Cурет: ЖИ көмегімен салынды

Архитектура, дизайн және инженерия колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасына белсенді қатысып, заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін енгізуде.

Студенттердің білімін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік беретін ECVET (кәсіптік білім беруге арналған кредиттердің Еуропалық жүйесі) әдіснамасы бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі енгізілді. Бұл туралы колледж директоры Камал Жамангозов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спикердің айтуынша, колледж студенттері WorldSkills, JasSkills және ПрофМастерОК чемпионаттарына тұрақты түрде қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетуде. Сонымен қатар, бизнестің қолдауымен тәлімгерлік және дуальді оқыту жүйесі енгізіліп, бұл түлектердің білім сапасын және жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал етуде.

Колледжде талантты студенттерді қолдау бағдарламасы іске асырылып, оның аясында атаулы стипендиялар тағайындалады және халықаралық тағылымдамалар ұйымдастырылады. 2023-2024 жылдары 20 оқытушы шетелдік біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы тағы 10 тағылымдамадан өту жоспарланған.

Оқу орнының алдағы жоспарларына Түркия және Қытайдың білім беру орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және ана тілінде оқытатын маманның көмегімен «Түрік тілін үйренеміз» жобасын іске қосу кіреді.

«Біз тек білікті мамандарды даярлаумен ғана шектелмей, олар үшін халықаралық деңгейде кәсіби өсу мүмкіндіктерін жасауға ұмтыламыз», – деп атап өтті Камал Жамагозов.

Колледж білім беру үдерісіне инвестиция тартуды, дуальді оқыту мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамытуды жалғастыруда. Жақын жылдары сандық құрылыс және энергия үнемдеу технологиялары бойынша жаңа бағыттар ашу, сондай-ақ Saint-Gobain компаниясының қолдауымен құрылыс саласына арналған құзыреттілік орталығын құру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұмысшы мамандықтар жылы #Алматы #колледж #техникалық білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика