Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет

Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет

Әлеумет 10.01.2025, 12:53 767
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған еді. Бұл бастаманы сала өкілдері жұмысшы мамандығының беделін арттырып қана қоймай, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасының іске асуына жасалып отырған қолдау деп қабылдап отыр. Сәтін салса, осы жылы мәртебелі мамандық иелерінің мерейі көтеріліп, сан қырлы саланың тамырына қан жүгіретін болды.

 

– Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін тапсырамын. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз, – деген еді ел Президенті. Қаламыздағы байырғы оқу орындарының бірі – «Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде» «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 10 құзыреттілік орталығы ашылды.

– Біздің басты мақсатымыз – нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау. Сапалы маман даярлау үшін әлеуметтік серіктестер шеңберін кеңейтіп, World­Skills стандарттары бойынша мамандарды даярлау үшін материалдық- техникалық базаны жаңартып, оны тиімді пайдаланып, шығармашылық бастаманы дамытсақ дейміз, – дейді колледж басшысының орынбасары Күнімай Омарова.

Бұл күнде аталмыш колледждің шеберханалары мен зертханалары заманауи құрылғылармен толықтай жабдықталған. Мәселен, «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жабдықтармен өте сапалы өнімдер шығаруға болады. Соның бір дәлелі, колледж тігіншілері тіккен өнімдер Мәскеудегі «Этно Эрато» Еуразиялық байқауына және Дубайда өткен «Emirates Fashion Week» сәндік коллекциялар шеруіне қатысты. Жақында колледж мамандары Италияда «Тігін өндірісі» бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін шыңдап қайтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #маман #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17

Жексенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 09:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика