ffin.kz

Жұмағарин Австралияға жол жүреді

Жұмағарин Австралияға жол жүреді Сурет: ашық дереккөз

Осы аптада Ауыл шаруашылық министрі Австралияға сапарламақ.


Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желісінде мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Келесі аптада Австралияға сапарым бар. Мал өсірумен айналысатын шаруалар, сала мамандары, мал шаруашылығы дамыған бірнеше аймақтың басшылары делегацияға кірді. Сол жердің тәжірибесін зерттейтін боламыз.





Австралия - шөлейтті ел. Табиғи жағдайлар - кең аумақ, шөлейтті зонасы ауқымды, су ресурстарының шектеулілігі. Австралияның  ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылғы мәліметтер бойынша ел тұрғындарының 2,37%–ы жұмыс істесе, Қазақстанда бұл көресткіш - 5,6%. Деседе, фермерлік қызметтің автоматтандыру мен механикаландыру деңгейінің арқасында Австралия қой мен жүн экспорты бойынша әлемде бірінші, сиыр еті бойынша екінші орында. Австралиялық ауыл шаруашылығы механикаландыру мен автоматтандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді, ал фермерлері әлемдегі ең аз субсидия алатындардың қатарында.



Қазақстанда қой еті бойынша ішкі қажеттілік 107% қамтамасыз етілсе, сиыр еті бойынша - 102%. Қой шаруашылығы мен ірі қара мал шаруашылығын дамыту әлеуетін ескере отырып, мал шаруашылығын одан әрі дамыту тек ет экспорты арқылы мүмкін болады. ҚХР мен Ресейге салқындатылған ет экспортының нарықтарын ашуға дайындық бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ сыртқы нарықтарда шынымен бәсекеге қабілетті болу және қазақстандықтар үшін ішкі нарықта сиыр етінің құнын төмендету үшін бізге мал шаруашылығы саласын әртараптандыру қажет.



Бізде шетелдік нарықтарда танымал, әрі жоғары бағаланатын премиумды сапалы ет өндіріледі. Бірақ оны өндірудің құны өте жоғары. Бұл ретте қазақстандықтар шығындардың шамамен 17% етке жұмсайды, бұл басқа өнімдермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш. АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеті - еліміздің тұрғындары көп ақша жұмсайтын азық-түлік өндірісін арзандату. Еттен басқа нан мен жарма (8%), сүт өнімдері (5%), көкөністер (4%), жемістер (4%), қант және кондитерлік өнімдер (3,6%).





Мемлекет мал шаруашылығындағы және аграрлық мемлекеттік саясаттың бағыттарына жауап беретін, қазіргі заманғы стандарттарымен дамуға дайын басқа да салалардағы жобаларды қолдайтын болады. Австралияға сапарымыз, барлық қатысушылар мал өсіруден бастап биржада сатуға дейінгі барлық мал шаруашылығы циклінің ғылыми-практикалық базасымен және өндіріс технологияларымен танысады, менің ойымша, бұл фермерлерге дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді, деп жазды министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32