AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері анықталды

«Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері анықталды

Әлеумет 01.06.2023, 16:00 1,282
«Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері анықталды
Сурет: видеодан алынды

 «Жұлдызай» балалар шығармашылығының 18-ші фестивалі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Хабар 24» мәліметі бойынша бүгін Астанада гала-концерт өтіп, гран-при иегері анықталды. «Жұлдызай» – ерекше балаларға арналған фестиваль. Жыл сайын өтіп тұрады. Биылғы байқау наурызда басталған. Сөйтіп, іріктеуден республикалық кезеңге 550 өтініш қабылданды. Балалар фестивалі 4 аталым бойынша өтті. Бұл – вокал, хореография, аспапта ойнау және әнді ым-ишаратпен орындау. Міне, осы республикалық сыннан сүрінбей өтіп, бірінші, екінші және үшінші орын алған 200 лауреат балаларды қорғау күнінде Астанадағы гала-концертке арнайы шақырылды. «Хабар» арнасынан 1,5 сағат бойы тікелей эфирде көрсетілген байқау соңында халықтың дауыс беруімен гран-при иегері анықталды.



 - Жігерленіп, сахнаға шығып, үлкен эстрада әншілерімен бірдей пара-пар әнін айтып шықты. Бәріңіз куә болдыңыздар. Жаңа айтып жатыр, біздің жеңімпаз – Атырау облысының Ақерке деген қызы. Домбырамен сүйемелдеген әнді айтты. Дауысы керемет. Ол қыз «Бүгін өз-өзіме деген сенім пайда болды, енді мен Қазақстан дауысына қатысамын» деп жатыр. Бұл біз үшін – үлкен жетістік. Біздің мақсатымыз – сол. Балалардың жұлдызын жағу, деді «Жұлдызай» қайырымдылық қорының ақпарат менеджері Әсемгүл Мырзамбет. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Жұлдызай» #балалар #шығармашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі

Бүгін 10:36

Қазақстанда 2,7 тонна қоқыс жиналды

Бүгін 10:09

Елдің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:47

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика