Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жолың болсын, жас түлек!

Жолың болсын, жас түлек!

Әлеумет 18.06.2022, 03:56 1,293
Жолың болсын, жас түлек!
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі  Ерболат Досаев  «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады


Алматыда, Республика Сарайы алдындағы  Абай алаңында шаһар басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен үздік түлектерге «Алтын белгіні» табыстау  рәсімі өтті.


Салтанатты іс-шараға сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық  университеті директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Есімбаева, еңбек ардагерлері,  үздік педагогтар қатысты.



Ашық аспан астындағы  мерекелі кешті халықаралық «Бозторғай» байқауының жеңімпаздары «Қазақстаным» әнімен ашты.


Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітірсе, олардың 605-і «Алтын белгі» иегері атанды.


Алматы қаласының әкімі  Ерболат Досаев үлкен өмірге қадам басқалы тұрған үздік  түлектерге  деген ізгі тілегін арнады, олардың  жаңа қадамдарына табыс тіледі.




 «Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер!


Сіздер  балалық шақтың мекені алтын ұяларыңызбен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар.  Осынау қуанышты сәтте баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жылды Мемлекет басшысы   Балалар жылы деп жариялады.  Осынау тарихи жылда  үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. Мен де осыдан отыз бес жыл бұрын дәл осындай қуанышқа толы сәтті басымнан кешкен едім. Осынау қуанышқа толы сәттеріңіз  сіздерді әрдайым биіктерге бастай берсін!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастармен кездескенде: «Қазіргі заман білім мен ғылымның дәуірі, әрбір талантты,  еңбекқор адам  осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Мен қазақ елінің жастарына сенемін» деп үлкен сенім білдірген еді. Он бір жылғы білімнің белгісі – орта білім аттестатын  биыл қала мектептерін бітірген 13 мыңнан астам түлек алса, олардың 574-і қаланың жалпы білім беру  мектептерінен,  31-і республикалық білім ошақтарынан  жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атанып отыр.  Ұлы Абай бабамыз «атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп айтқандай,  сіздерді   болашақта жоғарғы білімді, білікті маман болып,  қаламыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз. Жолдарыңыз ашық, келешектеріңіз жарқын болсын!»,– деді шаһар басшысы.




Марапат иелері арасында республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары бар. Салтанатты мереке соңында мектеп бітірушілер Қазақ ұлттық опера және балет театры вокалистерінің музыкалық сүйемелдеуімен «Түлектер вальсін» биледі. Шара соңы мерекелік отшашуға ұласты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастүлек #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика