AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Әлеумет 13.12.2023, 09:34 1,096 Almaty-akshamy.kz. 
Жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Еліміздің бірқатар өңірінде сықырлаған саршұнақ аяз болып, ақтүтек боран соғып тұр. Осыған байланысты кейбір өңірлерде жолдар жабылды.


Десек те,мамандардың ескертуіне құлақ аспай тәуекел етіп сапарға шығып кетіп, жолда қалғандары да кездесіп жатыр. Оларды құтқару үшін төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


"Қарағанды-Астана" тас жолының бойында жолда қалған Өзбекстан азаматтары құтқарылды. Сарыағаштан елордаға қарай шыққан автобус Астанаға жетпей сынған. Көлікте болған 20 шақты жолаушы құтқарылды. Тәртіп сақшылары оларды Осакаров ауданына дейін жеткізіп, жатын орын ішер тамақпен қамтамасыз етті.


"Жексенбі күні сағат кешкі сегізде автобуспен жүрдік. Өзбекстан азаматымыз. Бізге ыстық тамақ берді, жатын орынға орналастырды. Біз 25 адам едік, 8 адам Қарағандыда түсті. 17-міз осындамыз", -дейді Өзбекстан Республикасының азаматы Әбубәкір Хаитов. 


Қызылордалық полицейлер ауа-райының қолайсыздығына байланысты соңғы бір тәулікте 15 жүргізушіге көмек көрсетті. Ауа райы күрт суытып, боран соғып жолда қалып қойған. Кейбірінің жағармайлары қатып қалған. Айта кету керек, "Қорқыт ата" әуежайы да рейстердің кешігуі мүмкін екендігін жолаушыларға ескертті.


Түркістан облысында қатты боран салдарынан жолда қалғандар құтқарылды. Аймақта қазір ауы райының күрт суытуына байланысты мектептердің басым көпшілігі қашықтан білім алуға көшкен. "Шымкент–Тараз" автожолы және Түлкібас ауданында ішкі жолдар жабылған. Осы күрежол бойында қалған үш бірдей тойота альфард көлігінің жүргізушілері мен жолаушылары құтқарылған. Ал Бәйдібек ауданында кешеден бері бұрқасын жел тұрып, аяз болды. Салдарынан Түркістан облысы Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы мен оған қосылатын елді мекендер жолдары жабылды. Бұл аумақтардан да бірнеше жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылып, ақтүтекте адасып кеткен шопан да табылды.


Ақмола облысында қатты аязда жолда қалған 31 адам Көкшетау қаласындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Олардың екеуі бала. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Айта кетейік, Қазіргі таңда өңірде күн күрт суытты. Ауа температурасы -37 градусқа дейін төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жолаушы #аяз #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика