AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жеті жылда Қазақстанда 911 км жаңа теміржол салынд...

Жеті жылда Қазақстанда 911 км жаңа теміржол салынды

Экономика Бүгін 20:08 23
Жеті жылда Қазақстанда 911 км жаңа теміржол салынды
Gov.kz

Тағы 800 км теміржол салынып, қолданыстағы теміржолдың шамамен 2,6 мың км бөлігі жаңғыртылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елімізде жаңа теміржол желілерін салу бойынша ауқымды жобалар белсенді іске асырылуда. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 911 км жаңа теміржол салынды. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда: тағы 800 км теміржол салынып, қолданыстағы теміржолдың шамамен 2,6 мың км бөлігі жаңғыртылуда.

Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – ұзындығы 836 км болатын Достық – Мойынты теміржол учаскесінің құрылысы. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып саналады және Қазақстан мен халықаралық көлік дәліздері арасындағы жүк ағынын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 75 км теміржол желісін салу жобасы іске асырылды. Аталған желінің пайдалануға берілуі Алматы көлік торабының жүктемесін азайтуға, тасымалдау тиімділігін арттыруға және еліміздің оңтүстік өңіріндегі жүк пойыздарының қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз бағыттарын қоса алғанда, басқа да негізгі бағыттар бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ қолданыстағы Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау учаскелері жаңғыртылып, Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей, Шалқар – Бейнеу, Әлімбет – Никельтау бағыттарында қозғалысты реттеудің заманауи жүйелері енгізілуде.

Аталған жобаларды 2026–2027 жылдары аяқтау жоспарланған. Бұл магистральдық теміржол желісінің өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: 2019 жылы – 1,1 мың км, 2020 жылы – 1 мың км, 2021 жылы – 700 км, 2022 жылы – 1,1 мың км, 2023 жылы – 1,2 мың км, 2024 жылы – 1,5 мың км, 2025 жылы – 2,4 мың км.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 7 жылда 36,3 мың км автомобиль жолы салынып, жөнделді

Бүгін 20:00

Алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев – 80 жаста

Бүгін 19:49

Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді

Бүгін 19:39

Алматыда науқастар мен медицина қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр

Бүгін 19:25

Алматы колледжінің студенттеріне Жолдаудың мән-маңызы түсіндірілді

Бүгін 19:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);