AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жол картасындағы білім нысандарының құрылысы парти...

Жол картасындағы білім нысандарының құрылысы партиялық бақылауда

Әлеумет 30.09.2021, 11:34 1,431
Жол картасындағы білім нысандарының құрылысы партиялық бақылауда
almaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясының Алматы қаласы бойынша әзірлеген Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 15 жаңа мектеп және 25 мектептің жапсарлас құрылысы салынуы керек. Соның биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 8 мектептің және жұмыс істеп тұрған 17 мектептің жапсарлас құрылысы басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Өңірлік Білім жөніндегі кеңестің отырысында 17 жапсарлас құрылыстың 14-і қыркүйек айында дейін берілсе, қалғаны жыл аяғына дейін тапсырылатыны айтылды. Аталған жапсарлас құрылыстың берілуінен 8 263 қосымша оқушы орны құрылады.


8 мектептің құрылысы бойынша Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы С.Нұрашевтың айтуынша, пандемияға, экономикалық дағдарысқа және құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылысы биыл аяқталуы жоспарланған 8 мектептің құрылысының аяқталмау қаупі бар. Осыған орай, басқарма тарапынан сметалық құжаттар қайта әзірленіп, қосымша қаражат бөлу туралы мемлекеттік органдарға арнайы хат жолданған.



Кеңес мүшелері әр нысанның құрылыс барысына жеке тоқталып, биылғы жылға халыққа берген уәдені орындауға тырысу керектігін ескертті. Сондай-ақ, сметалық құжат пен қосымша қаражат бөлу мәселесі бойынша қоғамдық Кеңес өз тарапынан фракция мүшелеріне, тиісті органдарға сауалнама жолдайтындығын атап өтті.



Сонымен қатар, білім басқармасы биылғы жылы 3 жекеменшік мектептердің іске қосылуы мен 17 мектептің жапсарлас нысандарының пайдалануға берілетініне сай 10 мың қосымша оқу орындары пайдалануға берілетінін айтты.⠀
Отырыс барысында кеңес төрағасы Такир Балықбаев бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ерекше назар аударуды тиісті басқарма өкілдерінің қаперіне салды.


Осы негізде мектептердің өтінімі бойынша, әлеуметтік осал санаттағы балаларды қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалыспен тегін қамтуға жергілікті бюджеттен 270 млн.теңге бөлінді. Жоспарланған жалпы қамту шамамен 3800 баланы құрайтыны да айтылды.
Кеңес отырысын қорытындылаған Болат Садықов жиын барысында маңызды мәселелердің қаралғанын атап, айтылған ұсыныстардың Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесіне, қала мәслихаты жанындағы депутаттық фракцияға және мемлекеттік органдарға тиісті шешім шығару үшін жолданатынын мәлімдеді.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #НұрОтан #жолкартасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);