AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып...

Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып жатыр

Әлеумет 03.07.2022, 11:00 1,128
Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып жатыр
Сурет: Inform.kz

Бүгінгі күні туризм саласы жақсы дамып келеді. Соның ішінде экотуризм танымал бола бастады, онда адамдар қоршаған ортаны сақтау үшін жайлы қонақүйлерден, автокөліктерден және өркениеттің басқа да артықшылықтарынан бас тартады. Қазақстанның экологиялық туризмін дамытуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектер өте көп. Солардың бірі жетісулық Әсем Ауғанбаева, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Осыдан бір жыл бұрын 36 жастағы Әсем Ауғанбаева Талдықорған қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан Басши ауылынан қонақ үй ашты.



«Жолдасым екеуміз ауылдан қонақ үй ашуды бұрынан армандайтынбыз. Алдымызға мақсат қойып едік. Өкінішке орай, екі жыл бұрын күйеуім қайтыс болып кетті», - деді Әсем Ауғанбаева.



Кейіпкеріміздің айтуынша, жолдасынан айырылып қалған соң жеке қонақ үй ашу туралы идеясын туыстары мен жақын достары қолдап, көмектескен.



«Менің мамандығым - фельдшер. Екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырмын. Үлкенім - 14 жаста. «Кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйел кәсіпкерлікпен айналыса алмайды» дегендер де болды. Бірақ мен балаларымды өсіріп, ер жеткіземін. Экотуризмі дамытуға өз үлесімді қосамын. Балаларым маған үлкен қолдау көрсетуде. Сол маған күш- жігер береді, алға қарай жетелейді», - дейді ол.



2021 жылы Әсем ауыл кәсіпкерлеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңында өз ісін ашу және дамыту үшін қаржыландыруды қарастыратын «Эко Даму» несие бағдарламасы туралы білді. Айта кетейік, Қазақстанда жобаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады.



«9 млн теңге несие алып, екі киіз үй, қажетті жиһаздар, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника сатып алдым. Жалдамалы үйдің ауласына киіз үй тігуге көмектескен туған-туыстарым мен қамқор жандардың қолдауының арқасында мен бизнесімді бастадым», – дейді кейіпкеріміз. Әсемнің ұлттық нақыштағы қонақ үйі «Алтын-Емел» ұлттық паркінің жанында орналасқан. «Киіз үйді таңдағанда, ең алдымен, олардың экологиялық тазалығына мән бердім. Таза ағаштан жасалған. Ішін ұлттық нақышта безендірдік. Ыдыстарды шеберге тапсырыс беріп арнайы жасаттым. Олардың барлығы экологиялық таза материалдан жасалған, қоршаған ортаға зияны жоқ», - деп бөлісті Әсем.



Кәсібін жаңа бастаған Әсемнің айтуынша, туристерге барлық жағдай жасалған.



«Демалушылардың басым бөлігі Алматы, Талдықорған және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғыны. Сонымен қатар Германия, Түркия және Украинадан келген туристер де қазақ мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып жатыр. Қонақтарыма қазақтың нағыз қонақжайлығын көрсетемін. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды жлоспарлап отырмын, - деп түйіндеді әңгімесін кейіпкеріміз.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #мәдениет #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);