AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісуда 9 миллион теңгенің ірі қара малын ұрлаған...

Жетісуда 9 миллион теңгенің ірі қара малын ұрлағандар ұсталды

Әлеумет 22.06.2025, 17:41 971
Жетісуда 9 миллион теңгенің ірі қара малын ұрлағандар ұсталды
сурет: видеодан скрин

Жетісу облысында жалпы құны 9 миллион теңгеден асатын екі ірі мал ұрлығының фактісі анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

7 маусым күні Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылдық округінің жайылымынан белгісіз адамдар 9 бас ірі қараны ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеге бағаланған.

Бірнеше күннен кейін Алғабас ауылдық округінде тағы бір ұрлық тіркеліп, бұл жолы 14 бас ірі қара қолды болды. Мал иесіне келген шығын 7 миллион теңгеден асты.

Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері 51 және 37 жастағы екі күдіктіні ұстады. Екеуі де ауданның тұрғыны екені белгілі болды.

Күдіктілер ұрланған малды MAN маркалы жүк көлігімен тасымалдамақ болған. Көлік тоқтатылған кезде оның ішінен жоғалған 14 бас ірі қара табылды. Сонымен қатар, малды сатып алмақшы болған Алматы облысының тұрғыны да қолға түсті.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабымен іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Корея орман саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Бүгін 16:24

Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде су беру уақытша тоқтатылады

Бүгін 15:58

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

Бүгін 15:25

Қала күніне орай 1000 жас суретші бір мезетте Алматыны бейнелейді

Бүгін 15:07

Алматыда Қала күніне орай танымал стрит-арт суретшілер қатысатын арт-фестиваль өтеді

Бүгін 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);