Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу тұрғыны ұлттық өнерді дамытуда

Жетісу тұрғыны ұлттық өнерді дамытуда

Әлеумет 07.09.2021, 12:58 839
Жетісу тұрғыны ұлттық өнерді дамытуда
Сурет: Gov.kz

Оның қолынан шыққан бірегей бұйымдары өзге елдерде де жоғары бағаға ие.


Алматы облысының тұрғыны 34 жасар Ертай Өміртаев ежелгі ұлттық өнерді дамытуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ағаштан жасалған бірегей бұйымдар жасау – дарынды шебердің талантының бір қыры ғана. Бүгінде жастарды ұлттық өнерге үйретіп жатыр. Оның қолынан шыққан сәндік әшекейлер мен қолданбалы өнердің бірегей бұйымдары тек Қазақстанда ғана емес, жақын шетел мемлекеттерінде де жоғары бағаға ие»,– делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бүгінде жас қолөнерші негізгі тұрмыстық заттарды да, түпнұсқа мүсіншелер мен панно-картиналарды да жасайды. Мұнда суретшінің шеберлігінің көмегі зор. Ертай қолөнермен қатар кескіндемені де ұмытпауға тырысады. Ал ұрпақтар мен дәстүрлер сабақтастығын бейнелейтін «Жеті ата шежіре» ағаш картиналары Ертайдың өзіндік брендіне айналған. 



«Ата-бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа ежелгі өнерді үйретіп отырған. Соның арқасында біз осы қасиетті өнерді игеріп келеміз. Бұған ұлттық музыкалық аспаптарды тұтас ағаштан ойып жасау жатады. Менің ата-бабаларымның арасында қолөнершілер де болды. Сондықтан мен өз шеберханамды «Баба жолы» деп атадым. Содан кейін ғана ағаштан панно-картиналарын жасау идеясы келді», – дейді шебер. 




Ертай Өміртаевтың шығармашылығында домбыра ерекше орын алады. Оның шеберханасында жылына 50-ден 80 данаға дейін музыкалық аспаптар жасалады. Бұл домбыра, қобыз, жетіген, сазген, дауылпаз және т.б. Түркі халықтарының түрлі музыкалық аспаптарының 45 түрі бар. Оның өнімдерін Қазақстанда да, Ресейде де, Қырғызстанда да, Өзбекстанда да кездестіруге болады. Ертай Өміртаевтың жетістіктері - қазақстандық «Шебер-2017» қолөнершілер байқауынан «Жаңашылдығы үшін» дипломы, дарынды жастар арасындағы «Көшбасшы-2016» облыстық байқауына мүсін жасағаны үшін І орын. Өткен жылы ол әлемнің жас суретшілер одағының мүшесі болды. Ертай Өміртаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жазған Абайдың портреті әлемнің жас суретшілер одағы шығарған кітаптың мұқабасында бейнеленген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #қол өнер #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика