Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу студенттеріне арналған бассейн іске қосылд...

Жетісу студенттеріне арналған бассейн іске қосылды

Әлеумет 10.09.2021, 04:57 841
Жетісу студенттеріне  арналған бассейн іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Жабық бассейннің жалпы көлемі 3644,20 шаршы метрді құрайды. 


І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері енді өз бассейндерінде жүзіп үйренетін болады. Жаңа гидротехнологиялық нысан университет қаржысына салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жақында Талдықорған қаласында олимпиадалық үлгідегі жабық бассейн ашылған еді. Жаттығуға 3 мыңнан аса бала жазылып, мыңнан астамы жүзу үйірмесінде дайындалуда. Жаттықтырушылар құрамын кеңейту жағы қарастырылуда. Елбасы тапсырмасы аясында аймақта 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолдануға берілді. Тағы төртеуінің және 150 воркаут-нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгін, міне, студенттерге арналған жүзу бассейні пайдалануға берілді. Бассейн бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынды», - деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов. 



 Ол университет басшылығына оқу сапасының жоғарылығы, оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасының жаңарту бағытындағы жұмыстары үшін алғысын білдірді. 


Батыржан Байжұманов, сондай-ақ, бүгінде университет қабырғасында 6 мыңнан астам студент білім алып жатқанын жеткізді. Оның 450-і - облыс әкімі грантының иегері. 


Өз кезегінде университет ректоры Қуат Баймырзаев облыс әкімінің қолдауының арқасында салынған студенттерге арналған заманауи жатақхананың арқасында Жетісу университеті республика бойынша студенттерді әлеуметтік қамту бойынша бірінші орын иеленгенін айтты. Сондай-ақ ол облыс әкіміне университетке көрсетіліп жатқан көмек үшін алғысын білдірді. 


Студенттер атынан сөз алған дене шынықтыру және спорт факультетінің 4-курс студенті, көркем гимнастикадан спорт шебері Диана Бейсенова ризашылығын жеткізіп, бассейннің ашылуы студенттердің спортқа ден қоюына серпін беретінін жеткізді. 



«Жабық бассейннің жалпы көлемі 3644,20 шаршы метрді құрайды. Нысан құрылыс талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай салынған. Байссейнге кіретін жеке кіре беріс, киім ауыстыратын орын, сауна, ванна, жаттықтырушы мен жұмысшыларға арналған бөлме, спорт инвентарын тазалап, сақтауға арналған арнайы бөлме, дезинфекциялық заттар барлығымен қамтылған. Әкімшілік және медициналық кабинеттер де бар. Одан бөлек суды тестілеуден өткізуге арналған зертханамен қамтылған», – делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Нысан құрылысы былтыр басталған. Ашылған бойда университет қызметкерлері мен студенттері арнайы бекітілген кесте бойынша бассейнге келіп, жаттыға алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бассейн #Талдықорған #Алматы облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Бүгін 16:17

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Бүгін 15:25

Қытайдың ірі құрылыс компаниясы Алматыдағы жобаларға қатысу аясын кеңейтпек

Бүгін 15:16

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика