Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу облысында жаңбырлатып суару қондырғыларын ш...

Жетісу облысында жаңбырлатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорын ашылады

Әлеумет 15.12.2022, 13:00 1,032
Жетісу облысында жаңбырлатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорын ашылады
Сурет: Ашық дереккөз

 Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі жарты триллион теңгеден асты


Жетісу облысында жаңбырлатып суару қондырғыларын құрастыратын өндіріс орны ашылады. Оның құны сырттан сатып алынатын осындай құрылғыларға қарағанда екі есе төмен болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі кезде осы мақсатта Түркиядан келген инвесторлармен іскерлік келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын Талдықорғанда орналасады деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын барысында өңірде суармалы су тапшылығы проблемасын, оны ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу есебінен шешу жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы 3 жылда өңірде су үнемдеу технологияларын қолдану алаңын 12 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл ретте жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жүйелерін сатып алған шаруашылықтардың шығындарының 50%-ы инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидияланады.


Бейбіт Исабаевтың айтуынша, облыста тозған суару желілері шамамен 70%, соларды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ Ислам даму банкінен 36,3 млрд теңгеден астам қаражат тартылды, қолданыстағы 1400 км суару желілерін жөндеу және 105 км жаңа суару желілерін (Қызылағаш суару алабы) салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында атқарылуда. Соның нәтижесінде 26,5 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріп, жаңадан 4,5 мың га жер айналымға тартылады.



- Биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі жарты триллион теңгеден асты. Өңір шаруалары 828 мың тонна астық, 202 мың тонна майлы дақылдар, 182 мың тонна қант қызылшасы, 523 мың тонна картоп пен көкөніс, 44 мың тонна бақша өнімдері мен жеміс-жидек жинады. Мал мен құс басы 1,4%-ға, ет пен сүт өндірісі 4,5%-ға өсті. Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде Жетісу облысы қант, сары май, крахмал, ашытқы өндіру жағынан елімізде алдыңғы орында. Осы жылы облыстың 150 қайта өңдеу кәсіпорны өндірілген азық-түлік көлемін 9,6%-ға ұлғайтты. Осы жетістіктердің барлығы-өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі, - деп атап өтті Б. Исабаев.



Өңір басшысы мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып, мал шаруашылығын дамыту перспективалары, қант өндірісі саласын ілгерілету, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдағы жоспарлар туралы да айтты. Мәселен, алдағы 4 жылда өңірде қызылша егілетін алқаптың көлемін 15 мың гектарға, ал жалпы қызылша жинау көлемін 525 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Оған агротехнологияларды тиімді қолданудың арқасында қол жеткізілмек.


Сол сияқты өңірде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық шаралары қабылдануда. Осы мақсатта биыл 5 ауданда модульдік ветеринариялық пункттер ашылды, ветеринар мамандардың жалақысы 30%-ға артты, ал 2023 жылы тағы да осындай көлемге ұлғайтылатын болады. Бұдан басқа, қажетті автокөлікпен қамтамасыз ету және қосымша модульдік ветпункттерді ашу үшін қаржылық қолдау көлемі 3,7 млрд. теңгеге жеткізілді, бұл ветеринар мамандардың жауапкершілігін арттырып, олардың қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тамшылатып суару #зауыт #Қондырғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика