конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының O...

Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуының премьерасы өтті

Мәдени Алматы 12.06.2026, 11:00 273 yakiya
Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуының премьерасы өтті
OVO by Cirque Du Soleil шоуының баспасөз орталығы

Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуының премьерасы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Халықаралық команда алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қойылымның сахна сыртындағы өмірін таныстырып, әртістердің дайындығы мен техникалық топтың жұмысын көрсетті.

Баспасөз турына қатысқан журналистер қойылымның қалай әзірленетінін көріп, әртістер мен ұйымдастырушылармен сұхбаттасты.

Cirque du Soleil-дің ресми өкілі Жани Малленің айтуынша, OVO - акробатика, жанды музыка, ерекше костюмдер мен әсерлі сахналық образдарды біріктіретін ауқымды шоу.

- OVO - Cirque du Soleil-дің ерекше қойылымдарының бірі. Мұнда әлемнің үздік акробаттары өнер көрсетеді. Шоу тақырыбы жәндіктер әлеміне арналған. 53 әртіс көбелектерді, шегірткелерді, қоңыздарды және басқа да жәндіктерді бейнелейді. Португал тілінен аударғанда ovo «жұмыртқа» дегенді білдіреді және қойылымның негізгі оқиғасы осы жұмбақ жұмыртқаның айналасында өрбиді, – деді Жани Малле.

Шоу алғаш рет 17 жыл бұрын сахналанған. Осы уақыт ішінде оны әлемнің 50-ге жуық елінде 10 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Қазақстан OVO гастрольдік сапарлары өткен 47-ел атанды.

Қойылым жәндіктердің қиял-ғажайып әлеміндегі махаббат хикаясын баяндайды. Сахнада көбелектер, құмырсқалар, өрмекшілер, қоңыздар мен басқа да кейіпкерлер жан біткендей әсер қалдырады. Акробатика, театр, музыка, би және визуалды өнердің үйлесімі көрермендерді ерекше әлемге жетелейді.

Шоуда бірнеше бірегей акробатикалық нөмір ұсынылады. Солардың бірі - алып тербелмелі жапырақ үстінде бос тартылған сыммен орындалатын күрделі қойылым. Сондай-ақ қараңғыда ультракүлгін жарықтың көмегімен көрсетілетін diabolo жонглерлік нөмірі, әуедегі «көбелектер» дуэті, батут қабырғасындағы акробаттар мен әуе гимнастарының өнері көрермендерді таңғалдырады.

Қойылымды жүзеге асыруға әлемнің 25 елінен келген 100-ден астам маман қатысады. Шоуда 53 әртіс өнер көрсетсе, музыкалық сүйемелдеуді жанды дауыста орындайтын музыканттар қамтамасыз етеді.

OVO шоуының тағы бір ерекшелігі - оның костюмдері мен декорациялары. Бір қойылымда шамамен 800 костюм элементі пайдаланылады. Олардың күтіміне гастроль кезінде бес гардероб маманы жауапты. Барлық костюмдер Cirque du Soleil-дің Монреальдағы штаб-пәтерінде әр әртіске арнайы тігіледі.

Сахна сыртындағы экскурсия барысында журналистер әртістермен де тілдесті. «Көбелек» рөлінде өнер көрсететін әуе гимнасы Артур Дудов Қазақстанның оның гастрольдік сапарлар картасындағы жаңа ел екенін айтты.

– Біздің нөмірлерді орындау үшін ұзақ жылдар бойы жаттығып, әр қимылды жетік меңгеру қажет. Сахнада көрермендер бірнеше минуттық өнерді тамашалағанымен, оның артында үлкен команданың тынымсыз еңбегі жатыр. Сондықтан әр қойылым жан-жақты дайындалып, барлық жұмыс үйлесімді ұйымдастырылады, - деді Артур Дудов.

Қазіргі уақытта OVO шоуының көрсетілімдері Алматыдағы Almaty Arena аренасында жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);