AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жаңа Конституция: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Жаңа Конституция: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Мұны білген жөн Бүгін 12:01 52 yakiya
Жаңа Конституция: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Бұл құжат мемлекеттің егемендігі мен дербестігін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және қоғамдық дамудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсынған жиынтық жоба Преамбуладан, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жобада «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, тағы 4 бөлімнің атауы өзгертілген. Жалпы алғанда, Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізіліп, негізгі мәтіннің 84 пайызы жаңартылған. Бұл – Ата Заңды түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформа екенін көрсетеді.

Жаңа редакцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет және басқару нысаны президенттік республика ретінде нақты айқындалды. Егемендік пен аумақтық тұтастық мемлекеттің мызғымас әрі негізгі құндылықтары ретінде бекітілді. Сонымен қатар, 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты жазылды. «Республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертіліп, халықтың ел басқару ісіне тікелей қатысу тетіктері күшейтілді.

Бұл реформаның бастамасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген болатын. Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту, жасанды интеллект пен цифрлы технологиялар дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру қажеттігін атап өткен-ді.

Жаңа Конституция жобасының басты басымдықтарының бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам құру. Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту мәселелеріне ерекше мән берілген.

Ата Заңның жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі тіректері ретінде қарастырылады. Цифрландыру үдерістерін жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капиталдың сапасын арттыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде айқындалады. Бұл бағыттар, әсіресе, жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық дамудағы рөлін күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасының жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылуы – халықтың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына жол ашатын, білімге, ғылымға және инновацияға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған тарихи қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм күндері өтіп жатыр

Бүгін 12:19

Қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылды

Бүгін 11:12

Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуының премьерасы өтті

Бүгін 11:00

Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады

Бүгін 10:20

Түркі әлемінің жастары Алматыда бас қосты: халықаралық форум жастардың әл-ауқаты мен тұрақтылығына арналды

Бүгін 09:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);