AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу облысында «Бекет» әскери оқу-жаттығуы өтеді

Жетісу облысында «Бекет» әскери оқу-жаттығуы өтеді

Әлеумет 03.04.2023, 18:20 955 Almaty-akshamy
Жетісу облысында «Бекет» әскери оқу-жаттығуы өтеді
Сурет: Министрлік

«Батыл Тойтарыс - 2023»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл Тойтарыс - 2023» оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


5 сәуірде Жетісу облысында "Көктал" оқу полигонында "Батыл Тойтарыс" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі шеңберінде ведомствоаралық "Бекет" оқу-жаттығуы және ҚР Қарулы Күштері десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтеді.


Оқу-жаттығу барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның бөлімшелерімен бірлесе отырып таулы жағдайларда және елді мекенде ұрыс жүргізу іс-қимылдарын пысықтап, әр түрлі әдіспен десанттауды орындайды.


Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, түрлі ведомстволық топтарды қолдануды ұйымдастыруда жаңа тәсілдер сынақтан өткізілетін болады.


Оқу-жаттығуға 2500-ден астам әскери қызметші және 900-ге жуық қару мен әскери техника бірлігі, соның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдан авиациясы және ұшқышсыз ұшу апараттары қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #жаттығу #Бекет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);