AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жетісу ауданының ардагерлері ұлықталды

Жетісу ауданының ардагерлері ұлықталды

Барлығы 19.05.2025, 15:30 715 Гаухар Қарсыбаева, 129 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жетісу ауданының ардагерлері ұлықталды
Сурет: автор

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласының Жетісу ауданына қарасты №129 ЖББ мекемесінің ұйымшыл ұжымы жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша бірқатар қарт майдангерлер мен тыл ардагерлерін  мектепке шақырып мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – Отанын қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптей отырып, өскелең ұрпақты өз елін, жерін сүюге Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мектеп қабырғасында өткен мерекелік кеш барысында сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, соғыс жылдарындағы көріністерді бейнелейтін қойылымдар қойылды. Сонымен қатар, көрме ұйымдастырылып, келушілер назарына соғыс ардагерлерінің өмірі, ерлігі мен тылда еңбек еткен жандардың үлесі жайлы тың деректер мен фотоматериалдар ұсынылды. 

Өз кезегінде сол күні сұрапыл соғысты тебірене еске алған ардагерлер батырлардың қайталанбас ерлігін әңгімелеп, оқушылардың жігерін жанитын жігерлі сөздерін тілге тиек етті.

Мектеп директоры Архат Советович ұжымдағы барша ұстаздар қауымын Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, өзінің жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ мектеп басшысы соғыс жылдарындағы ерлігі, еңбекке адалдығы мен қаһармандығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі.   

«Ұлы Жеңістің 80 жылдығын зор құрметпен және ризашылықпен атап өтудеміз. Бұл жеңісті жақындатқан әрбір жанның алдында тағзым ететін елдіктің, бірліктің рухтың мәңгілік мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тарихи шындықты сақтау – біздің ұлт алдындағы парызымыз. Батыр бабаларымыздың ерлігі тек өткеннің шежіресі емес, бүгінгі буынның рухани темірқазығы», - дейді бізге берген сұқбатында.

Осылайша бірнеше сағатқа созылған игілікті іс-шара соңында мектеп оқушылары мен құрметті қонақтар және ұстаздар естелікке суретке түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ардагерлер #ұлықтау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жарияланды

Бүгін 12:38

Qarmet-тегі алаяқтық: 190 миллион теңгеге зала келтірген 13 адам ұсталды

Бүгін 11:20

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика