AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жергілікті полиция қызметі таратылады

Жергілікті полиция қызметі таратылады

Заң мен тəртіп 28.05.2025, 12:21 1,002
Жергілікті полиция қызметі таратылады
Сурет: Polisia.kz

Мәжіліс ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Заң «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.

Түзетулерге сәйкес «жергілікті полиция қызметі» ұғымы алынып тасталады. Бұған 2016 жылы құрылған Жергілікті полиция қызметі өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алмағаны себеп болды. Жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері болған. Алайда түзету авторларының айтуынша, бұл қызмет өзіне жүктелген негізгі міндеттерді, яғни, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі жұмыстармен айналыса бастаған. 

Ішкі істер министрлігі Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасын қайта ұйымдастырып, олардың базасында екі жаңа басқарма құрылады. Олар: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары. Әр қызмет өзінің тікелей міндеттерімен айналысады. 

Сондай-ақ көлік полициясы бөлімшелерін ретке келтіру мақсатымен «желілік» деген термин «көлікте» деп өзгертіледі. Ал әскери-тергеу органдары ішкі істер органдарының аумақтық құрылымынан алынып тасталады, себебі олар ІІМ құрамындағы дербес бөлімше ретінде бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Реформа #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Бүгін 19:13

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Бүгін 18:08

Алматы әкімі Беларусьтің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін 17:29

Алматының Әуезов ауданында 5,1 гектар аумақ көркейтіліп, 33 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру ортасы жақсарды

Бүгін 17:23

Жүкті әйелдерге ескерусіз қалдыруға болмайтын бес қауіпті белгі аталды

Бүгін 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);