Жер сілкінісі кезінде Алматының ең қауіпсіз ауданы қайсы?

Жер сілкінісі кезінде Алматының ең қауіпсіз ауданы қайсы? Сурет: BAQ.KZ

Мамандар жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30%-ы  қирауы мүмкін деп отыр.


Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz7



"Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері - қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарында орналасқан, сондықтан қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев.



Оның айтуынша, 9 және одан да көп балдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.



"Қаланың 60-70 пайызы қирай ма, мен мұнымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын қарастыру қажет", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21