AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / «Жер-Анаға тағзым ет!» атты баспасөз конференциясы...

«Жер-Анаға тағзым ет!» атты баспасөз конференциясы өтті

Мұны білген жөн 26.08.2021, 15:31 1,521
«Жер-Анаға тағзым ет!» атты баспасөз конференциясы өтті
Сурет: Қ.Қонысбаев

Биыл 29 тамызда дүние жүзіндегі ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толады.


Осыған байланысты Қазақстан Журналистер Одағының ғимаратында «Жер-Анаға тағзым ет!» атты  баспасөз конференциясы өтті.


Бұл айтулы күнді айтқанда, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс - қоғамдық-саяси ұйым – «Невада-Семей» қозғалысы қатар аталады.  Халықаралық қозғалыстың бастауында аты әлемге әйгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ұйым жетекшісі Олжас Сүлейменовтің тұрғаны мәлім. Жиынға Олжас Омарұлының өзі қатысып, антиядролық қозғалысының құрылу себебін, полигондағы сынақтарды тоқтату үшін ұйымның мүшелері өткізген түрлі шаралар туралы айтып берді. 


Семей аймағына ғана емес, бүкіл қазақ даласына алапат қасірет алып келген сынақ аймағында 1949-1989 жылдары 470-тей ядролық жарылыс жасалып, оның 90-ы әуеде, 26-сы жер астында жүргізілген. Семей полигонының жабылғанына 30 жыл өтсе де, оның зардабы толық жойылған жоқ.


Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі, ақын, Қазақстанның халық жазушысы:


Әлем бойынша ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет – Қазақстан. 1989 жылы ақпан айында Семей полигонын жабу туралы «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингі өтті. Қазақстандағы ядролық полигонды жабу үшін алаңға мыңдаған адам жиналды. Сынақ полигонының қауіп-қатері туралы жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары ашық ақпарат бере бастады. Дәл осы күні «Невада-Семей»  ядролық сынаққа қарсы қозғалысы құрылды. Бұл халықаралық шешім еді. Кеңес Одағы өмір сүрген кездің өзінде «Невада-Семей» туралы хабарлар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Полигонға жақын облыстардан келген екі миллионнан астам қазақстандықтар «Полигон жойылсын!» Үндеуіне қол қойды. Осылайша біз ядролық жарылысты бірге тоқтаттық. Соңғы жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Бұл кез қозғалыс құрылғанына жарты жыл уақыт өткен еді. 1989 жылы 20 қарашада Кеңестер Одағының Жоғарғы Кеңесі Семей полигонын жабу туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы Қазақ Республикасының Үкіметі Семей полигонын жабу туралы шешім қабылдады.



Жиын барысында осы тақырып бойынша елеулі еңбек сіңірген БАҚ өкілдері естелік медальдармен марапатталды. Баспасөз конференциясынан кейін «Alatay aqparat» ЖШС бастаған «Ағаштарды аялайық!» челенджін ары қарай жалғастыру мақсатында Қазақстан Журналистер Одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев  челленджді Олжас Сүлейменовке табыстады. Олжас Омарұлы ғимарат алдындағы ағаштарға су құйды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#семей #полигон #сынақ #ірі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика