ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: Қазақстан халықаралық индексте алға жылжып келеді

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: Қазақстан халықаралық индексте алға жылжып келеді Инфографиканы әзірлеген Нұрбосын ӨРІСҰЛЫ

Биыл ақпан айында Transparency InternationalKazakhstan Қоғамдық қоры Қазақстанның халықаралық жемқорлық индексіндегі орны жайлы ақпарат таратты. 2024 жылғы рейтингте еліміз 180 мемлекеттің ішінде 88-орынға табан тіреген. Бұл жағымды жаңалық екеніне қарамастан үкіметтік емес ұйым еліміз әлі күнге дейін жемқорлық тәуекелі жоғары мемлекеттер қатарында деп көрсеткен болатын. Белгілі деңгейде бұл пікірмен келісуге де болады. Алайда, соңғы жылдары жағдай жақсарғанын да жоққа шығармау қажет.  

Оң өзгерісті жоққа шығара алмаймыз

Халықаралық Transparency International үкіметтік емес ұйымы жыл сайынғы жемқорлық индексін жариялады. Рейтингте 180 мемлекет қамтылған. Тұрақтаған орның жоғарылаған сайын жемқорлық азаяды.  Қазақстан 2024 жылы 180 елдің ішінде 88-орынға тұрақтаған. Еліміз соңғы 5 жылда индексте сенімді түрде алға жылжып келеді. 2019 жылы 113-орында едік. 2020 жылы біз жағдайды түзеп, 94-орынға көтерілгенбіз. Алайда, 2021 жылы 102-орынға түсіп қалдық. Бұл – алдағы саяси дағдарыстың белгісі болды.

Сол уақыттан бері қазірге дейін жағдай түзеліп келеді. Мұны ұйымның сарапшылары да айтуда. Мысалы, ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық кеңесшілері Қазақстан 2016 жылдан бері өз ұпайын 11-ге жақсартқанын жазған. 2024 жылы 40 ұпаймен 88-орынды иеленген.

Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш елімізге тиесілі. Төмендегі кесте Transparency International ұйымының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйеніп жасалды. Онда Орталық Азия елдерімен қоса көршілері Қытай мен Ресейдің көрсеткіштері салыстыру үшін берілді. Қазақстан 7 мемлекеттің ішінде Қытайдан кейінгі орынды иеленген. Алайда, Қытайда соңғы 4 жылда кері кету байқалады.

Еліміз Орталық Азия аймағында көш бастап тұр. Екінші орында Өзбекстан. Соңғы жылдары индексте баяу болса да жоғарылауда. Ал қалған аймақ елдерінде кері кету байқалады. Мұндай процесс Ресейде де байқалуда.

 

Мемлекеттер

2021

2022

2023

2024

Қазақстан

102

101

93

88

Ресей

136

137

141

154

ҚХР

66

65

76

76

Өзбекстан

140

126

121

121

Қырғызстан

144

140

141

146

Тәжікстан

150

150

162

164

Түрікменстан

169

167

170

165

 

Рейтингке де сұрақ бар

 

Әлемде мемлекеттерді салыстыратын түрлі рейтингтер бар. Олар халықаралық, аймақтық ұйымдар, азаматтық бастамалар негізінде жасалады. Сонымен қатар, барлық салаларды қамтиды. Әрқайсысының жасалу әдіснамасы бар. Және де олардың қорытындыларына догма ретінде қарауға болмайды.  Себебі, сырттай көрген мен іштей білгеннің арасында айырмашылық бар.

Transparency International ұйымының тек өзіне тән әдіснамалық базасы қалыптасқан. Әр мемлекет бойынша ақпарат кем дегенде, 3 дереккөзден алынады. Оның ішінде 13 сауалнама мен зерттеу еңбектері кіреді. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік банк пен Бүкіләлемдік экономикалық форумның мәліметтері де алынады. Осылайша жемқорлықты қабылдау индексі құрастырылады.

Индекстің әдіснамасындағы басты артықшылық әрі кемшілік тек мемлекеттік сектордағы жемқорлық деңгейін анықтайды. Артықшылық дейтініміз, жүйелі жемқорлық мемлекеттік деңгейде болатынында. Ал кемшілігі қоғамдық факторды ескермейтінінде. Жемқорлық тек мемлекеттік қана емес, тұрмыстық деңгейде болуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік сектордан бөлек, азаматтардың не үшін пара береді деген сұраққа жауап іздеген де артық етпес.

Сонымен қатар, тек зерттеушілер мен кәсіпкерлердің ғана пікірі ескеріледі. Яғни өзге азаматтардың пікірі ескерілмейді. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген рейтингке абсолют шындық деп қарауға болмайды.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:35

14:18

14:11

13:36

12:57

12:33

12:13

11:35

11:03

10:24

09:35

08:47

21:32

21:23

21:19

21:10

20:59

20:55

20:47

17:45

16:57

16:45

15:22

15:15

14:49