AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 жаңа мект...

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 жаңа мектеп салынады

Әлеумет 06.02.2024, 07:51 1,288
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 жаңа мектеп салынады
gov.kz

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді:


• апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
• үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).


Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #оқушы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);