AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Желіде қос аққуды құтқарған қазақстандықтың видеос...

Желіде қос аққуды құтқарған қазақстандықтың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Оқиға 15.12.2025, 14:05 399
Желіде қос аққуды құтқарған қазақстандықтың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
сурет: видео кадры

Павлодар облысының Баянауыл ауданында ауыл тұрғындары мұз құрсауында қалған аққулар жұбын ажалдан арашалап қалды. Оқиға Тұлусор атты шағын көлде болған, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі. 

Instagram желісінде тараған видеоны Бірлік ауылының тұрғыны Бауыржан Жақыпов жариялаған. Оның айтуынша, ол әкесімен бірге қатып қалған көл бетінде әлсіреп отырған бір аққуды байқап, дереу көмекке кіріскен. Құтқару сәті көптің жүрегін елжіретіп, желіде жылдам тарап кетті.

Видеода мұздан босатылған аққудың өзіне көмектескен ер адамды мойнымен құшақтап алғаны көрінеді. Осыдан кейін әкелі-балалы екеуі көлде тағы бір аққудың барын аңғарып, оған да асыққан. Екінші құстың да қауырсыны мұзға қатып қалыпты. Жігіт құсты абайлап босатып, кейін екі аққуды да көлікке отырғызып алып кеткен.

Павлодар облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, аққулар ауа райының күрт суытуына байланысты жылы жаққа ұшып үлгермей қалуы мүмкін. Күндізгі жылымықтан кейін түнде көлдің мұзы қата түсіп, әлсіреген аналық аққу мұз тұзағына түскен. Ал аталық аққу оны тастамай, жанында қалып қойған.

Белгілі болғандай, Бауыржан Жақыпов құстарды уақытша қораға орналастырып, күтім жасап отыр. Аналық аққудың табандары сәл үсіген, ал аталығы қатты әлсіреп қалған. Дегенмен қазір екеуінің де жағдайы жақсарып келеді: жемді жақсы жеп жатыр. Алғашында балалар тағамын берсе, қазір уатылған сұлы мен бидай қосып қоректендіріп жүр.

Құстар толық сауығып кетсе, тұрғындар оларды көктемде табиғатқа қайта жіберуді жоспарлап отыр. Құтқару сәті түсірілген бейне 200 мыңға жуық қаралым жинап, мыңдаған пікір қалдырылған. Желідегілер ауыл азаматтарының жанашырлығына ризашылық білдіріп, ақ тілектерін жаудырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аққу #құтқару #жігіт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика