Желіде жасанды "арулар" неге қаптады? ЖИ-модель жасаған маман жауап берді

  • 16:02, 14 қаңтар 2026
Желіде жасанды "арулар" неге қаптады? ЖИ-модель жасаған маман жауап берді Коллаж: aqshamnews.kz

Әлеуметтік желіден сырт келбеті үшін бала кезінде буллингке ұшырап, кейін есейіп, өз ерекшелігін қабылдаған қыздардың мотивациялық блог бастағанын жиі байқаған боларсыз? Алайда жұрт сенген блог иелерінің жасанды интеллект арқылы жасалған цифрлық образ екені белгілі болды. Aqshamnews.kz тілшісі дәл осындай ЖИ-блогер жобасын ойлап тапқан қазақстандық IT-маманмен тілдесіп, жобаның қалай туғанын, идеяның астарындағы мақсатты және бұл форматтың медиа кеңістіктегі болашағын сұрап білді.

ЖИ блогтар неге жиіледі?

Instagram және TikTok платформаларында ерекше келбетті қыздардың блог бастағанын жиі байқауға болады. Олардың көбінің сценариі ұқсас. Олар бала кезінде сырт бейнесі үшін буллингке ұшырап, қазір сол жағдайды қабылдап, керісінше ел алдына шығуды жөн санағандарын жариялайды. 

Солардың бірі - aileen_blog атты парақша. Дәл осындай жүйемен оқиғасын бөліскен видео желіде бірнеше миллион қаралым жинап, бар-жоғы төрт күнде парақшаға 22 мыңнан аса жазылушы тіркелген. Алайда кейін Айлиннің образы шынайы адам емес екені белгілі болды. Танымал аккаунтты Алексей есімді қазақстандық жасанды интеллект көмегімен эксперимент ретінде жасап шыққанын мойындады.

Қазір белгілі бір себептермен Айлиннің Instagram-парақшасы тексерісте.

Бизнеске арналған ЖИ-ден медиажобаға дейін

ЖИ арқылы блог жүргізу жобасын өскемендік Алексей есімді айти маманы бастаған. Ол жасанды интеллект саласына маркетингтен емес, автоматтандыру мен бизнес-процестерге ЖИ енгізу бағытынан келген. Командасы екі жылға жуық уақыт бойы компанияларға арналған ассистенттер, автоматтандырылған жүйелер мен генеративті модельдерге негізделген контент-сервистерді жасап келеді.

"Жасанды интеллект ашық нарыққа енген алғашқы кезеңнен бастап-ақ, бұл технологияның ойыншық емес, нақты бизнес-құрал ретінде қолдана бастадық. Кейін бұл тәжірибе ЖИ-ді тек қызмет ретінде емес, дербес медиаөнім ретінде зерттеуге алып келді", - дейді ол тілшіге берген сұхбатында. 

ЖИ-блогер идеясы қалай туды?

ЖИ-блогер жасау идеясы негізгі қызметтің логикалық жалғасына айналған. Алексейдің айтуынша, бұл бір жағынан нақты жоспарланған жоба болса, екінші жағынан - нарық әлі толық қалыптаспағандықтан қызық тәжірибе болған.

"Шетелде мұндай жобалар бұрыннан бар болғанымен, қазақстандық және ТМД аудиториясына бейімделген формат жоқтың қасы еді. Сондықтан визуал, мәдени код, аудитория талғамын ескере отырып, форматты жергілікті контекске бейімдедік. Нәтижесінде жоба тез арада сұранысқа ие болған. Тіпті қаралым саны мен қызығушылықтың көбін байқаған бірнеше бизнес иелері, жарнама бойынша ұсыныс та тастады", - дейді ол. 

cурет: instagram.com/alexcroiss

Жоба авторы қолданылатын құралдардың барлығы бүгінгі күні көпшілікке қолжетімді екенін айтады. Алайда негізгі айырмашылық - технологияны қалай пайдалануында.

"Бір құрал бір адамда жасанды, суық контент берсе, екіншісінде эмоция тудыратын тірі образға айналуы мүмкін. Сондықтан бұл жобада басты құндылық - тәжірибе, сценарий, визуалдық логика мен аудитория психологиясын түсіну", - деп қосты Алексей. 

Жобаны іске қосу шамамен бір аптаға созылған, оның басым бөлігі идеяны ойластыру мен гипотезаларды тексеруге кеткен.

ЖИ-блогерлер инфлюенсерлерді алмастыра ала ма?

Автордың пікірінше, ЖИ-блогерлер тірі адамдарды ығыстырмайды, керісінше медиакеңістікті кеңейтеді.

Бұл - жаңа формат, жаңа тәжірибе және жаңа аудитория. Кей адамдар үшін цифрлық модель - өз ойы мен шығармашылығын қауіпсіз түрде көрсету мүмкіндігі. Ол жеке тұлғаға қатысты қысымсыз, қорқынышсыз эксперимент жасауға жол ашады. Сондықтан ЖИ-блогерлерді бәсекелес емес, медианарықтағы жаңа ниша ретінде қабылдаған жөн", - деді маман.

cурет: instagram.com/aileen_blog

Бүгінде жоба негізінен жарнама арқылы табыс тауып отыр. Болашақта цифрлық модельдер де кәдімгі блогерлер секілді менеджменті, стратегиясы бар тұрақты медиаөнімге айналуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:37

17:30

17:15

17:02

16:56

16:38

16:32

16:20

16:02

16:01

15:45

15:35

15:19

15:11

15:10

14:53

14:32

14:30

14:14

14:05

13:50

13:03

12:33

12:15

12:06