конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жекеменшік күзет ұйымдарына бақылау күшейтіледі

Жекеменшік күзет ұйымдарына бақылау күшейтіледі

Әлеумет 29.01.2026, 14:40 484
Жекеменшік күзет ұйымдарына бақылау күшейтіледі
Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Сенат депутаттары күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, бұл заң күзет қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тәртібін жетілдіру, қару иелеріне және күзет қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында әзірленген.

"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ішкі істер органдарында 4 463 жекеменшік күзет ұйымы тіркелген. Күзетшілердің жалпы саны 97 мың адамнан асады. Өздеріңізге белгілі, жекеменшік күзет ұйымдары полиция қызметкерлерімен қатар күзетілетін нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосады. Осыған байланысты заңмен ұсынылып отырған түзетулер мұндай ұйымдардың жауапкершілігін күшейтеді, өйткені олардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ мүлкін қылмыстық және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғаумен тікелей байланысты", – деді Жанна Асанова.
Заң аясында мынадай шаралар енгізіледі:

қаруы бар заңды тұлғалар үшін қызметі уақытша тоқтатылған жағдайда қару мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына сақтауға тапсыру міндеті;
жекеменшік күзет ұйымдарының қызметін тоқтату, аяқтау немесе қайта бастау, сондай-ақ тіркелген жерінен тыс аумақта күзет қызметін көрсету жағдайлары туралы полицияның аумақтық бөлімшелерін хабардар ету міндеті.
Сенатордың айтуынша, бұл маңызды түзетулер уәкілетті органдарға жекеменшік күзет ұйымдарына қатысты түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, өйткені көптеген жағдайда күзет ұйымының басқа өңірде жүргені тек белгілі бір оқиға орын алғаннан кейін ғана анықталады.

"Заңдағы жаңа норма – күзет қызметі субъектілерінің уәкілетті органға өз қызметі туралы есеп беру міндетін енгізу. Бұл мемлекеттік бақылауды тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді, себебі қазіргі таңда есептілік ұсыну тәртібі заңмен нақты реттелмеген. Сонымен қатар, қару айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында азаматтық және қызметтік қару иелеріне қосымша міндеттер жүктеледі", – деп толықтырды Жанна Асанова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күзет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

Бүгін 09:57

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Кеше 16:58

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Кеше 16:48

«Іле-Балқаш» резерватында 300 гектар аумақта өртке қарсы қорғаныс жолағы әзірленді

Кеше 16:44

Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді

Кеше 16:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);